Сонымен, түк бітірмедік

Сонымен,  түк бітірмедік
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме, құрметті менің әлі танысып үлгермеген достарым. 

Есімім Самал. Павлодар облысы, Ақсу қаласынанмын. Қазіргі кезде "Ақсу жолы" газетінде тілші болып қызмет атқарамын. 

Тұрмыстамын. Ұлым Есмырза, жасы 4,5 жарымда. Ол жайлы әлі талай қызық жазармын.

Бірақ, бүгін "түк бітірмедік" туралы жазуды жөн көрдім.

Ауылдың қара қызы болғандықтан, әжемнен, ауылдағы туған-туысқандардан "Осымен жаз бітті. Түк бірімедік" деген сөздерді жиі еститінмін. Сосын ішімнен "Құдай-ау, не бітірмекші соншама. Еті асулы, үй таза, киімі жуулы" деуші едім. Сөйтсем олардың бітпей қалатын істері бар екен ғой. Айта кетейін, пеш сыланбады, үй ағартылмады,  қора қапталмады, вообщым, айта берсек толып жатыр. 

Келін атанып, қайынжұртпен танысқан шақта дәл осы сөзді енемнен ести бастадым. "Мәә, бүгінгі күн де өтті. Түк бітірмедік қой" дейтін күнде. Сондағы сол үйдің күйбең тіршілігі.

Енді міне, бөлек шығып, өзім бір шаңырақтың пешін жақпасам да түтінін түтетіп отырған жайым бар. 2017 жылдың көктемінде "Жаз - 2017" бағдарламалық жоспарын дайындағанмын. Бірақ, оның бірі болып, бірі болмады. Жуынатын бөлме ол "мені боямадыңдар" деп  ренжуде, жатын бөлменің  төбесі ол жаралының күйін кешуде. Кешке жұмыстан келген сайын енді мен "Мәә, жаз аяқталды. Түк бітірмедік" дейтін болыппын.

Қорытындылай келе, түсінгенім, не мен қартайдым, не тырнақшадағы сөз атадан балаға, енеден келінге мұраға қалды, не шынымен, түк бітірмедік...