Өзіңіз қалағандай адам боламын десеңіз - ешқашан кеш емес!  (с) Джордж Элиот
жеке
блог

Өзіңіз қалағандай адам боламын десеңіз - ешқашан кеш емес! (с) Джордж Элиот

Сәлем "Массагеттіктер"!

Мен 2016 жылғы "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының қатысушысымын!

 Маған бағыт бағдар берген "Сәйгүлік" тобының асқан данышпаны, әрі көсемі Ернар Алмабек ұстазымыз!

Біз бүгінгі мәңгілік елдің ұрпақтары Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай

"Дарвин маймылдан тараса

МЕН-қасқырдан тарағанмын"

деген көк бөрілердің жалғастарының қателесуге әсте қақысы жоқ!

Барлық қазақ елін әуреге салатын, өзінің болашағы үшін зор уайым тартатын күндері ол өзінің , сонымен қатар елінің ертеңгі күнгі қалаулы азаматтарының 210 минуттық сынақ тапсыруы -ешкімді бей-жай қалдырмай қоймасы анық.

Осы жылғы түлек ретінде, ізбасар оқушыларға айтар кеңесім бар. Байқау кезінде мен өзіме жетіспейтін қасиеттерді әр жазба сайын шығарып отырдым. 

Жалқауға сылтау көп деген қырғыз мақалы дұрыс айтылса керек. ҰБТ ол қорқыныш, үрей, не болмаса адамға өлім құштырар дүние емес. Ол жәй ғана кімнің қаншалықты тыңғылықты дайындалғандығын көрсетер 210 минуттық тест ғана!

21 маусым! Таңғы сағат 6! Түнімен ұйқы көрмеген жанарларым, әлде бір үміт сәулесін сезгендей, жүректегі қорқынышты бәсеңдетті! 11 жыл дайындалған білімімнің көрсетер уақыты таяды. Түнімен ертеңгі күн қалай болады деген сезім ұйқысыздыққа ұласты. Әйтеуір түнгі сағат 3дегенде көзім әзер ілінді. 

Таңертеңгісін мектепке жиналдық. Қасымда маған демеу беру үшін өзімнің әпкем зыр жүгіріп жүр. Кезінде спортшы қызымыз Мая Монеза "жауапкершілік жүгі, зілтемірден де ауыр болады екен" деген сөзі ойға оралды. 

Миыңдағы сансыз көп сұрақтардың шешімінің осы сәтпен тәмәмдалатынын жақсы білдім. Әрдайым мамамның саған сенем деген сөзі ерекше әсер қалдыратын. Іштей ойлап та қоям, сол сенімді ақтай алмай қалсам, не істер екем деп?

Тестке кірер уақыт та жетті. Әрдайым менің зарядкам тәріздес математикадан беретін ағайым болды. №226 гимназия деп шақыра бастағанда , ағайымды көріп қайтам деп жүгіріп кеткем! Үрей мен қорқыныш араласқан жүрегім, күндегі адамдар келбетін зұлым қалыпта көрдім. Құдды бізді осы жерге қинап әкелгендей. Арамызда жылап та алған қыздар болды, бірақ ол ең үлкен қателік еді. Себебі қандай сезімде кірсен, сондай сезімде тесттен шығады екенсің...

ҰБТ аудиторияма келдім! Өзім 25 мамырда мамама 6 аудиторияға түстетін сияқтымын дегенім тура келді. ҰБТ болмас бұрын түрлі әңгіме шығады, соның бірі орынды ТЖК нөмерінің соңы бойынша деген әңгіме еді. ТЖК нөмір соңы 04 болды, ал ол кезекшіміздің дәл алдында болды. Ішімнен "Құдайым, бір өзіңе седім" деп айтып тұрған кезімде кезекшім дәптерінен қарап, сіздікі 16 орын дегенде қуанғанымды көрсеңіздер-ғой

Сұрақ кітапшамды ашқанда, бұрынғы қорқыныштың бәрі сейілді. Себебі дайындалғандырым көз алдымда тұр. Қатты қиналғаным география пәні болды. Өйткені оны шынымен ақ дұрыс оқымап едім . ҰБТ дағы уақыт, менің өмірімде ең тез өткен уақытым шығар... Кітапшаға назар салып, бар пәнімді орындап жатып, басымды бір көтерім қалсам бітуге 20 минут ғана қалыпты. Ал жауап парағым сол таза күйінде тұр. Жауап парағымды белгілеуге кірістім, себебі оның алдында дәл уақытында жинап алады, ол саған мектептегі пробный емес-қой дегеннен кейін соны орындай бастадым. Шығар уақыт жақындағанын кезекшіміз ескертіп, жинайтынын айтты. Мырзакелді Кемел ағамыздың  "Қолыңнан келгенін жаса да , қалғанын Құдайға тапсыр" деген сөзін есіме алып, білгенімді орындап, білмегеніме Құдай жар болып дұрыс болып кетсе екен деген ой еді. Сыртқа шығып барам, мәз болып, арқамнан ауыр жүк түскендей болды... 

Мектептен шықсам, айналам толы адам. Кімге барам , туыстарым қайда деп тұрғанда, шығарып салған тәтем алдымнан жүгіріп шығып, менің қуанышты түрімді көріп , олардың да уайымы сейілгенін байқадым.

Эх мама... Біз үшін шынайы сезіммен уайымдайтын адам сол ғана ғой... Мамамды көріп, жылап алғым да келді, бірақ, әрине, ондай сезімдерімді өлтірудің шеберімінғой...  

Ішкі сезімім 120дан асасың уайымдама дейді, бірақ мен оған мойынсұнбай 130 үстінде алам деп айтып тұрмын (өтірік екенін білсемде)... Ең қорқынышты сәт те осы екен...

Кешкі 6дан бастап мектепте болдым. Қанша алар екем деген ой жайбарақат жүргізбеді...  Ақыры результат шықты...121 балл... Жылап алдым... Бірақ артынша осыған да шүкіршілік еттім...

Менің басты мақсатым ҚазҰУ түсу еді... Бұйырса оған да жетемін!

Болашақ түлектер, сіздерге айтарым, ҰБТ-да ешқашан оқу сауаттылығынан бастамаңыздар! Өздеріңіздің қолдарыңызнан келетініне сеніңіздер және ешқашан тоқтап қалмаңдар!

Мектепті бітіріп, ҚазҰУ сай студент болу үшін қазіргі кезде ағылшыннан репититорға барып, оқып жүрмін!

Келер жылдың түлектеріне тек қана сәттілік! Тек қана жеңімпаздар қатарынан болыңыздар! 

Сіздермен де кездесетін күнді асыға күтемін құрметті МАССАГЕТ ұжымы!