Тауық ұрладым *)))
жеке
блог

Тауық ұрладым *)))

Күз кезі болатын. Ауа райы керемет, күн жылы, әлі қап-қара болып далада ойнайтын кезіміз. Сабақтан келе сала, "қазір келем" деп үйден шығып, кешке не жылап, не біреудің ата-анасын ертіп үйге келемін. "Сіздің қызыңыз менің баламды...."-деп басталатын екі тараптың ата-анасы арасындағы "стрелка" осы сөзден басталады. Соңы "Менің қызым ойнамайды енді сіздің қызыңызбен" деген "келісім шартпен"  аяқталады. Бірақ, қайдааа бірер күннен кейін әлгі қыз өзі кеп тұрады. "Қиылып сұрап тұрғанда қалай ұрмайсың"- деген сияқты, өзі кеп тұрғанда қалай ойнамайсың?! Сонымен не керек күндер осылай өтеді. Сабақта диктант, шығарма, мазмұндама, басқа да дүниелерді көшіретіндер жетерлік. Ән, концерт бәрінде жүресің. Жә, әңгіменің турасы, бір күні маған "Тауық ұрладың" деген "жала" жабылды. Ол кезде енді өзімнің тілімнен де бар ))))) 

Шамамен 3 сынып кезім болса керек, көршінің баласымен қатты ұрсысып қалдық. Жалпы, менің көшемде қыздар болмағандықтан, кілең ер балалармен ойнайтынбыз))) Сонымен не керек, мектепте бірдеңеге келіспей, "қырылдық" . Төбелесіп қала жаздап, қалдық қой әйтеуір ))) Оның алдыңғы күнінде олардың бірнеше тауығы жоғалған еді. Оны анасы менің мамама айтып тұрғанынан естігем. "Кім екенін тапсам, арыз жазам" деп отырғанын естіп алғам ғой. Сонымен әлгі "досыммен" ұрсысып тұрдық та, кенеттен оған "Сенің тауығыңды мен алдым ал" деп тарс еткіздім. Ол соны естіп алып, жүгіріп анасына кетті. Анасы мектепте еден жуатын. Ал, содан не керек, тілімді тістеп қалдым, жүгірген баланың артынан көзіммен шығарып салып. Ойымда арыз, анасының түрі лентадай өтіп жатты ғой әйтеуір ))) Біткен жерім осы шығар дедім)) Сабақта отырғанда анасы мені шақырып алды. Жүрек "ұшып" кеткен, кеудемде жоқ. Бардым. Тәте ұрсып жатыр, ұрысып жатыр, соңында "шынымен сен алдың ба?"-деп сұрады. Үндемедім. Осы әдет әлі бар. Біреу ұрысса сөйлемей қоямын. Әлгі тентек балалар болады ғой, бастарын салбыратын, еріндерін дүрдитееп тұратын. Тура сол секілді болдым )))) Ақыры, үйдегілердің араласуымен бітті бұл шаруа ) Досымның әкесі қанша ішсе де, жақсы адам болатын. Осы әңгімені естіп, өзі "мойындады". Сатып жіберген екен. Сөйтіп, аман қалдым ))) 

Ех, ностальджи ))) Нағыз күлдір-бүлдір болған екен ғой )))