Мен пайдаланатын есірткі
жеке
блог

Мен пайдаланатын есірткі

Есірткіге қарсы қаншама жарнамалар шыққанын көрсем де мен есірткіден бас тарта алмаймын. Есімді білмей жүрген кезімнен-ақ есірткі пайдалана бастадым. "Есірткі пайдалансаң, есіңді қайдан білесің?" - деп отырған шығарсыздар. Мүлде олай емес. 

1. Мен ол кезде небəрі бір жаста едім. Бұл кезде оны маған алғаш рет ата-анам сыйлаған. Ол - күлкі. 

2. Кəріде де, жаста да болатын дүние, ол, əрине - махаббат. Отанға, ата-анаға, достарға, туыстарға т.б. деген махаббат - мен үшін таптырмас əрі қымбат есірткі. 

3. Отырып алып, шылым шегіп, уақытша ләззат іздегенше, өмірге жəй ғана басқаша қарау керек. Оптимизм деп аталатын бұл есірткіні мен осыдан үш жыл бұрын Massaget.kz сайтынан тауып алдым. Оның сапасы - өте жоғары. Кейде өзім де оны өзгелерге айтып, жарнамалап тұрамын. 

4. Сенім. Осының арзаны да, қымбаты да бар. Арзаны - түкке тұрғысыз. Оны сатушылар ылғи мені алдап соғады. Сондықтан, əсері күштірек болсын деп, қымбатын көп тұтынамын. Сол - сапалы. Өзіме сенемін, маған сенетіндерге сенемін. 

5. Табиғат. Таза табиғаттың бəрі - мен үшін есірткі. Оны иіскегенде, барлық қиындықты ұмытып, демаламын. 

6. Əуезді əуен. Бүгін де, кеше де бұл есірткі сұранысқа ие болды, əрі өтімді. Ол туралы сіз де білесіз, мен де білемін. 

7. Қиял. Қиял туралы айтар болсам, ең үлкен бақыт - қиялдың еншісінде. Қиялдап, жақсы нəрсеге, ғажайыпқа сенсек, ол міндетті түрде орындалады. 

Бұрын "Суретшілер неге шылым шегеді?", "Композиторлар неге алкогольге құмар?" - деп ойлаушы едім. Жақсы дүние шығару үшін біраз рахатқа бату керектігін енді түсіндім. Мен де жоғарыда аталған есірткі түрлерін пайдаланамын. Кейде олар жетіспей қалуы да мүмкін. 

Мен бүгін де бақытқа маспын. Бүгін тағы да есірткі қабылдадым. Дегенмен, мен жазған есірткілер сіздің салауатты өмір салтыңыз бен денсаулығыңызға кері əсерін тигізбесі анық. ))