Бүгін «Стяуа» мен «Ақтөбенің» шешуші кездесуі өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Бүгін «Стяуа» мен «Ақтөбенің» шешуші кездесуі өтеді

Чемпиондар лигасының үшінші електік кезеңіне өткен «Ақтөбе» бүгін түзде бухаресттік «Стяуамен» шешуші ойынын өткізеді. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

БӨЛІСУ

Бүгін Румынияда өтетін кездесу шешуші мәнге ие. Еурододада қанша жылдан бері ел намысын қорғап келе жатқан «Ақтөбеге» топтық кезең терезесі ашылуға жақын. Ол үшін бүгін жеңіске жету керек. Мұны Владимир Газзаев шәкірттері түсінеді де. Жеңістің таңы біздің жаққа атса, қазақстандық клуб келесі кезеңде Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өту үшін таласады. Егер жеңілген күннің өзінде Еуропа лигасының топтық кезеңіне топ ете түсер еді. Ол үшін бүгін қалай да жеңіске жету керек. Ресейлік бас бапкердің айтуынша, команда барынша тәуекелге бел буып өнер көрсетуге дайын. Жеңіліп жатса, Еуропа лигасының плей-оффтық кезеңі күтіп тұр.

Осыдан бір апта бұрын Ақтөбеде өткен ойында 2:2 есебі тіркелді. Бұл «Стяуа» үшін тиімді нәтиже. Бірақ, бухаресттік клуб өз алаңында «Ақтөбеден» айлаларын асыруға асығып отыр. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен жанкүйерлер қазақстандық клубты келесі кезеңге өтуін мүмкін емес деп отыр. Ал жерлестерімізге футболда «мүмкін еместің мүмкін екенін» дәлелдеу қажет болып тұр...

«Стяуа» - бүгінгі ойынның фавориті екені рас. Мұны футбол мамандары да тілге тиек етуде. Ал букмекерлік орталықтар жерлестеріміздің шешуші ойында жеңіске жететініне сенімділік танытып отырған жоқ. «Стяуаның» жеңісіне – 1,37 коэффициент, тең ойынға – 4,50 коэффициент, «Ақтөбе» жеңісіне – 8 коэффицент беріп отыр. Нақты нәтиже бойынша есеп 2:0 немесе 1:0 болып аяқталуы мүмкін деген болжамдар жасалуда.

«Ақтөбе» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде 15 кездесу өткізген. Оның 7-еуінде жеңіп, 5-еуінде тең ойнап, 4 рет қана жеңіліс тауыпты. Қазіргі таңда клубтың бюджет қоры 10 580 000 еуроны құраса, футболшылардың орташа жасы 27,9 болып отыр.

Кездесудегі бас қазы қызметін Чехия елінен келген төрешілер жұбы атқарады. Мирослав Зелинкаға жасыл алаң жиегінде Антонин Кордула мен Ян Патак көмектеседі. Сонымен қатар, бұл қазы 2013 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Швеция ойындарына да қазылық жасаған болатын.

Еуропаның алпауыт ұжымдарына қарсы өнер көрсетіп жүрген алаң иелері келесі кезеңге өтетіндіктеріне сенімді. Бастысы бүгін қазақ елі «Ақтөбенің» тілеуін тілейтін болады. Астана уақытымен сағат 23:30-да басталатын кездесуді «KazSport» арнасынан тамашалай аласыздар. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!


Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: steauafc.com, sports.kz