Өткеніме өкінемін.

Өткеніме өкінемін.
жеке
блог

   - Көп жайтты уақыт өте түсіне бастадым бірақ тым кеш.Өткен өмірімді ой елегінен өткізген сәттерімде болды,өкіндім,қайғырдым,ойлап ұйқым да бұзылды.Өткенінді ойлап қанша оралғын келіп түзеткін келгенінмен оралмайтыны өкінішті .Бірақ жаңа өмір бастауға әрқашанда өмір мүмкіндіктерін берері анық әрі айқын.Ал жаңа өмір бастау үшін дұрысы  өткен өміріндегі жіберген мүмкіндіктер мен қателіктер үшін өзінді кешіру.Іштей өзімді жігерлендіріп өзіме енді жаңа өмір бастаймын бәрі жақсы болады өмірдің маған берер мүмкіндіктеріне жақында ие боламын артқа шегіну ендігі жоқ дедім.Жаңа өмір бастауға бел буған кезде сен бойындағы өзгерістерді байқайтын байқамайтында болар бәлкім алайда өзгенің пікірін ,сынын ,елемеген жөн.Мінсіз адам болмайды бірақ түзелу кеш емес тек оны түзетуге бар ынтанды салсан болды.Біреу кеш ұғады біреу ерте ұғады .