Қош келдім қатарыңа, Массагет!

Қош келдім қатарыңа, Массагет!
жеке
блог

Сәлем, массагет оқырмандары! Қанша уақыттан бері тіркелуді мақсат етіп, бір ыңғайлы уағын таба алмай жүр едім. Сол сәт бүгінгі жексенбіге түсіпті. 

Алдымен, танысып алайық. Мектеп оқушысымын, 11-сыныпты аяқтағалы отырмын (сынып жетекшім айтпақшы "студент без пятнадцати минут"). Жазу-сызуға кішкентайымнан құмар екенмін. Сондықтан болар журналистика мамандығын таңдап отырғаным. Иә, иә. Менің де журналисттер қатарын толықтырғым келеді (онсыз да көп қой дейтін шығарсыздар). Тынымсыз өмірдегі ақпарат толқынында еркін жүзіп, келелі дерек көздерін халыққа жеткізіп отырғысы келеді Диананың. Бұл саланың бір баспалдағын да аттап үлгердім. Ұстаздарымның қолдауымен мектепшілік "Вектор" журналында бас редакторлық қызмет атқарамын.  Кішірігім тобымыз бар мақалаларды сұрыптап, саралап, таратып отыратын. Алдағы уақытта жаңалықтармен бөлісіп отырамын.