Аспанға ғашық бір жан бар (байқау)

Аспанға ғашық бір жан бар (байқау)
жеке
блог

Сəлеметсіздер ме?! Мен – Кəрім Аяжан Қанышқызы, ата-анамның тұңғыш қызымын. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауылында 2002 жылы 13 тамызда жарық дүниенің есігін ашыппын. 

Бүгінгі таңда сегізінші сыныпты бітріп, тоғызыншы сыныпқа көшкен жайым бар. Үйдің үлкені болған соң, өзімнен кейін дүниеге келген Гүлнұр сіңліме қамқоршымын. Əкем Қаныш Кəрімұлы құрылысшы болып қызмет атқарады. Анам Ақмарал Ғарифолла қызы тəрбиеші болып жұмыс жасайды. 

2006 жылы балабақшаға барып, 2008 жылы мектеп табалдырығын аттадым. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласамын. Дебат клубының жəне де "Жас ұлан" ұйымының мүшесімін. Концерт десе "сценарий" құрып кетеніміз бар. Жарыстарға қатысып, осы күнге дейін 26 мақтау қағазын алыппын. 

Өнерден де құр алақан емеспін. Қолөнермен, кесте тігумен, тоқумен, айналысамын. Сонымен бірге саз мектебінде пионино жəне қобыз үйірмелеріне қатыстым. Пиониноға деген қызығушылығым жоғары. Қазір 6-сынып оқушысымын. Енді бір жыл оқысам, қолым сертификатқа тиеді. Алла қосса оған да жетерміз! 

Хоббиіме келсек... Көбіне кітап оқимын немесе өлең тындаймын. Анама көмектесіп, үй жұмыстарын да "қатырып" жасап алған ұнайды. Айналамды суретке түсіретін кездер бар. Əсіресе мына тұңғиық аспанды. Мақсатым көп. Сол мақсаттарға Массагеттің бағыт-бағдарымен жеткім келеді. "Кен" тобының құрамымен көп жаңалыққа үйренемін.

Арманды шындық деп шырылдаған мықты журналистер секілді менің де мықты журналист болғым келеді! Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға түсіп, ата-ана үмітін ақтасам деймін. Кореяға кем дегенде 1 аптаға болсын барып, сүйікті əншілерімнің концертіне барсам ғой. Ең бастысы еліміз тыныш,ата-ана,бауырларымыз аман болсын!