ҰБТ... (Көзбен көрген қызықтарым және мен қалай ҰБТ тапсырдым)

ҰБТ... (Көзбен көрген қызықтарым және мен қалай ҰБТ тапсырдым)
жеке
блог
   ҰБТ... Жәй ғана үш әріп болғанымен қаншама қорқыныш, қаншама уайым, қаншама қуаныш...
Осы бір күнге жету үшін міндетті түрде он бір жыл уақыт кетіреді. Жыл сайын түлектер тест тапсырғанда аға, апайларымызға жүгіре жүріп көмектесетінбіз. Мен көмектескен қыз жігіттердің барлығы жоғары балл алып грантта жүр. Ешқайсысы жүзден кем алған емес, соны көріп менде де солай болатын шығар,бұлар сияқты менде оңай алатын шығармын деген ой болатын. ҰБТ жақындаған сайын соңғы үлгідегі айфон жинап, шпоргалкаларды жинап, киімге көп қалта тіктіріп жүретін. 

25 мамыр...  Мектеп бітірдік деп қуанғанмен ҰБТ жақындағаны еске түссе бірден көңіл күй түседі. Сынып балалары мен паркте, кафеде,кешкісін тауға кеттік барлығымыз. Таңға жуық су су боп қайттық жаңбырдан кейін. 
 
6 маусым... ҰБТ...  Ұйқыдан ояна сала қорқыныш бар. Сағат 8де ҰБТ өтетін жерде болуымыз керек. Келдім.Өзіммен бірге бір емес бірнеше ұялы телефон. Шпоргалкада жоқ емес. Сынып жетекшіміз барлығымызды жинап жатыр. Сағат 8ден кетті, бір бала ғана әлі келмеді. Арада 30 минут өткенде бірақ келді. Сөйтсе зират басына барыпты, атасының, апасының, тағы да басқа туыстарының басына барып құран оқып қайтыпты. ҰБТ өтетін пункт алдындамыз. Ұсақ тиындарды алып басынан айналдырып лақтырып жатқан балаларда бар. Жіпті сулап сулап топыраққа көміп жатқан балалар бар, қағазға дұғаларды жазып алып соны оқып тұрғанда балалар бар. Әркім өздігінше әр нәрсеге сеніп дайындалып тұр. Білім бөлімінің бастығы сөз сөйледі. Сөйтіп кірігізу басталды. Өзімді құдды бір соғысқа кетіп бара жатқандай сезіндім. Әрбір есіктен асықпай оң аяқпен басып кіріп келемін. Әр есіктен өткен сайын бүкіл өмірім көз алдыма келіп жатыр. Металл іздегішпен тексеріп кіргізіп жатыр. Кезек мағанда келді. Бірнеше ұялы телефон болғандықтан қорқынышпен тұрдым. Өттім аман есен. Өзімді соғыста танктың оғынан аман қалғандай сезіндім. Уфф өттім, бірақ бар қорқыныш енді басталардай болды. Аудиторияға келдім. Орнымды айтты, алдыңғы жақ екен. Жайғастым. Қуанып отырған ешкім жоқ, арасында өтірік күліп қояды кейбіреулері. Кітапшаны таратты. Бір кезде артқы жақтан Clash of clans деген ойынның қосылған дауысы шықты. Бүкіл аудитория күлкіге кетті, тіпті аудиториядағы комиссяға дейін. Араға 2-3 минут салып әр оқушы телефон мен ұсталып жатыр. Түрлеріне қарасаң тура бір пленге түскен солдат сияқты. Көзді ашып жұмғанша уақытта өтті. Сыртқа шықсам құжынаған халық. Іштен біреу шықса болды, айғайлап, ысқырып қарсы алады. Соғыстан аман шыққандай сезіндім өзімді. Біреу жылап шығып жатыр, біреу қуанып шығып жатыр. Менде түк эмоция жоқ. Кешкі уақыт болды. Нәтижелері ілінді. Бірақ аты жөнімізбен емес жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша яғни ИИН бойынша жазылып тұр екен. ИИН жазылып тұр жанында балл жазылып тұр. Өзімді іздей бастадым жүрегім бомба құсап дүрс дүрс етіп тұр. Таптым. 53 балл. Бұл қалай сонда? Бұлай болуы мүмкін емес деп қайта қарадым. Тағыда 53 балл. Түрім қайтыс болып кеткен. Әлі де сенбей интернетке кіріп ТЖК мен ЖСН ді жазып едім 112 балл.Сөйтсем ИИН нөмірі менікіне ұқсас тағы біреу бар екен. Жаңағы түр тіріліп алған. 112 балл жинаппын, орыс тілінсіз 87 балл. Орыс тілінен соншама 25 балл жинап не көрінді деп қоям өзіме)
Тамыз айы...
Грантқа түскендер тізімі шықты, өзімді таба алар емеспін. Қайта қарадым жоқ екенмін. Қандай түсем грантқа таңдау пәнім қазақ әдебиеті болса)
Қазір таңдау пәнім бойынша ақылы бөлімде оқып жатырмын. Бірақ барлығына айтарым: ҰБТдан осыншама қорқып қажеті жоқ. Қай мамандық, қай жаққа баратыныңды шешетін әрине осы, бірақ өмірің тоқтап қалмайды, мүмкіндіктер толып жатыр. Қаншама оқушы осы ҰБТ дан қорқып 9 сыныптан кетіп жатыр. Тіпті 10 сыныптан кейін кетіп қалатындар да бар. Ең бастысы қорықпау керек, ҰБТны кіріп тапсырып көрмеген соң әрине қорқыныш болады, бірақ ол түкке тұрмайтын қорқыныш екен,себебі алдымнан Сессия деген құбыжық шықты)