Филология аруы-2016

Филология аруы-2016
жеке
блог

18-ақпан күні Академик Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Филология факультетінің ұйымдастыруымен өткен "Филология аруы-2016" қыз сыны байқауы өтті.

Байқау мақсаты-халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін,әдет-ғұрпын,ұлттық киім үлгілерін насихаттау,әр кафедралар арасында қарым-қатынасты нығайту.

"Филология аруы-2016" байқауында бұрымды 6 ару 5шарт бойынша бақ сынасып сайысты:

-"Сәлем сөздің атасы" бейнероликпен өзін,факультетін таныстыру;

-Салт дәстүр,әдет-ғұрыпқа қатысты "Сұрақ-жауап" сайысы;

-"Өз өнерін көрсету";

-Қазақ салт-дәстүрлерінен көрініс көрсету;

-Қазіргі заманға сай сәнді көйлектермен "Сән көрсетілім"

Сайыс өте қызықты өтті.Өзім 6 арудың бірі болдым,журналистика кафедрасынан.Тартысқа толы болған сайыс қорытындысы бойынша "Филология аруы-2016" 1курс студенті  Салтанат Таңшолпан.Яғни өзім атандым!!!Келесі жылға "Университет аруына" жолдама алдым.