Менен мұғалім шықпайды.

Менен мұғалім шықпайды.
жеке
блог

Басынан бастайыншы)) Педагог мамандығына түскім келіп түскем жоқ. ҰБТ-да жинаған балымның жеткені сол.  Сонымен 4 жыл бойы педагог мамандығын оқып келе жатырмын. Дәл қазір, мемлекеттік іс-тәжірибеден өтіп жүрген машыққермін. "Ұстаз" деген ұлы есімнің жауапкершіліктерін енді ғана сезініп жүргендеймін.  Оңай шаруа емес екен. Жалпы ұстаздық мамандыққа үлкен жауапкершілікпен, мықты ерік-жігермен келу керек.

Оқушылардың көңілін табуға тырысып -ақ жүрмін.  Жаңа технологиялармен сабақ өтіп, әртүрлі тәрбиесі мол видеоларды көрсетіп қызықтырған боламын. Теориялық білімім жеткенімен, тәжірибем жоқ. Кішкене уысыңнан шығарсаң шулай жөнеледі. Сосын қазіргі оқушылар туа ақылды болғандай. Өзіңе ақыл үйретеді.  Әлде мені жас көре ме? Мен айқайлап, ұрсып тынышталдыра алмайды екенмін, қолымнан келмейді. Ал оқушыларға айқайым жетіспейтін сияқты. Орта буындар тыңдайды. Бірақ 10-11 сыныптарға сөзімді өткізе алмай-ақ қойдым. Не керек, "меннен ұстаздық шықпайды екен" деген байламға келдім. Ал сіздер ше? Қандай мұғалімдерді тыңдайсыздар, немесе қандай ұстазсыздар? Өзіңізге тән әдіс-тәсілдеріңізбен бөлісе отырсаңыздар.