балалық шақ-бал шағың, бағалай біл . . .
жеке
блог

балалық шақ-бал шағың, бағалай біл . . .

Бақыт деген сенің бала күндерің

Бақытсыз ақ бакытты боп жүргенің

Бақытын да басқасын да білмеуің

Бақытсыз ақ ойнап күлгенің... деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай- ақ шынымен бақыттың дәмін балалық шақта татады екенсің. Бұл сөз өскен соң бақыттсыз болып қаласың дегенім емес , оның мәні мынада. 

  Мінекей сағына үйіме жеттім арман қала Алматыдан. Ағам , інілерімді көрмей жүріп көргенде біледі екенсің олардың өскенін, ер жеткенін. ешқайсысының менімен бұрынғыдай ойнағысы жоқ. Ағам ат болып  мен үстіне отырып ініме жеткізбей шауатын күндерді,  тығылмақ ойнап 1-2-3 80-90 деп асыға санап , бір көзіммен сығалап бір көзімді жұмып, қай жерге тығылғанын көріп алатын кездерді, допқа таласып  өзіме бұйырмаса ойнамаймын деп кетіп қалатын, анашыма жүгіріп келіп өнерімізді жарыса көрсететін сол бір сәттерді сағынам қатты . "Тезірек ер жетіп оқуға кетіп, жұмыс істесем екен" деп тілейтін едік, ал қазір керісінше. "Балалық шағыма бір саяхат жасағым-ақ келеді" . Қазір ағаңмен ойнай алмайсың , әрқайсысының өз проблемалары бар, саған көңіл блуге уақыттары жоқ. Осылардың бәрі  балалық шақты сағынуға келеді. Ағаң , інің үшін әрдайым бірінші орындасың , еркелейсің , ойнайсың , шуылдайсың. Тамаша күндер балалықтың еншіснде қала бермек.