Байлық байлық емес, бірлік – байлық (байқау)
жеке
блог

Байлық байлық емес, бірлік – байлық (байқау)

   Сәлем достар! Айт мерекесі құтты болсын! Алладан - рахым, Пайғамбардан - шапағат болсын! Тілеген тілектеріңіз, ниеттеріңіз қабыл болсын! Отбасыларыңызға бақыт, береке, қуаныш, молшылық әкелсін! Образа айт — ораза ұсталатын Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, мұсылмандардың маңызды діни мейрамы. Исламдағы екі айт мейрамының бірі. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тыйым салынған күн. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

Мен сіздермен өз мақсаттарыма қалай жетіп жатқаным туралы блог шығарып жүрмін. 2 ай ішінде алға қойған мақсаттарым туралы алдынғы блогтарымда айтып өткенмін. Соның бірі воллейбол ойынымды дамыту болатын. Мен сіздерге воллейбол ойынымды қалай дамытып жатқаным туралы блогымды алдыңғы аптада көрсетіп өткенмін. Енді осы аптада сіздермен өзімнің командам туралы баяндамақшымын.

Командада 8 қыз ойнаймыз. Командамыз ұйымшыл, барлығымыз татумыз. Бірлесіп, бір кісідей үлкен белестерді бағындырамыз.

Бізді осылай біріктіріп, жетелеуші біздің жаттықтырушымыз – Қосдаулетов Дархан Зиноллаұлы.

Ағайдың арқасында көп жетістікке жеттік. Үнемі өз ақылын айтып отырады, қолдау көрсетеді, білгенін үйретеді. Біз үшін ағайдың орыны ерекше. Бауыр басып кеттік. Ағайды қатты жақсы көреміз. Қазір демалыстамыз. Ағайдың айқайын да сағынып қалыппыз. Жарыстарға басқа жақтарға барғанда ағаймен көңілді, әзілдесіп барамыз. Айта берсем өте көп. Осы ағайдың арқасында бәрі.

Енді командаға келетін болсақ. Команда капитаны, байланыстырушы – Шелбай Назгүл. Жақсы байланыстырушы. Команданың жеңуіне үлкен үлес қосады. Топтағы шабуыл да осы байланыстырушыға байланысты.

Енді волейболдағы негізгі шабуылдаушыларға келсем... Шабуылдаушылар да топтың маңызды бөлігі. Воллейбол ойынында жақсы шабуыл, жойқын соққы болуы қажет. Осы арқылы көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Шабуылдаушының командада үлесі зор. Менің командамда 3 шабуылдаушы бар. Олар – Серік Әсем, Ығылман Гүлдария, Қоныс Ақбаян.

Қоныс Ақбаян – осы жарыстың қатысушысы. Маған осы жарыс туралы да осы Ақбаян айтқан болатын.Ақбаян Парасат тобының белсенді мүшелерінің бірі. Екеуміз бір командада ойнағанымызға да бірнеше жыл болып қалыпты. Бір сыныпта оқимыз. Бір-бірімізге үнемі көмектесіп тұрамыз. Оған осы жарыста тек сәттілік тілеймін.

Қорғаушы топтың негізгі командадағы ойын соларға байланысты. Мықты қорғаныс үлкен жеңіске әкеледі. Командада 4 қорғаушы бар. 2 негізгі қорғаушы – Нығыметоллақызы Бақыт және мен, 2 қосымша қорғаушы – Мұрат Шахризада, Мұхтар Іңкәр.

Мінекей командамыз осындай құрамда. Біз мықтымыз, күштіміз себебі татумыз. Бірлесіп әлі талай жетістіктерге жетеміз.

Осы аптадағы воллейбол ойынымды дамыту барысында ауыл стадионына барып жаттығу жасадым.Дене қыздыру жаттығуларын жасап біраз шынықтым.

Көп рахмет!!!