Өзім жайлы аз-кем (байқау)

Өзім жайлы аз-кем (байқау)
жеке
блог

Менің аты-жөнім Қоныс Ақбаян Бекболатқызы. Өзім туралы мәліметке келсем 1998 жылы 16 қыркүйекте Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосында өмірге келдім.    

Өмірлік ұстанымыма келетін болсам «Үш нәрсені ұмытпа: өзіңді құрметте, өзгелерді құрметте және өз жасаған әр іс-әрекетіңе жауап бере біл!». Осы құрмет пен жауапкершіліктің арқасында үлкен белестерге жетуге болады.

Үлгі тұтатын адамым алдымен өз ата-анамды үлгі тұтамын. Өйткені мен өмірге келген сәттен бастап сол кісілердің тәрбиесін көріп, тәлімін алып өстім. Олардың барлық іс-әрекеті менің көз алдымда...Ата-анам қарапайым адамдар. Бірақ, олардың қажырлы еңбегінің, ақыл-парасатының арқасында менің бойымда жақсы қасиеттер қалыптасты. Ата-анама алғысым шексіз!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлында өзіме үлгі етемін. Елбасымыздың көрегендігі мен даналығының арқасында еліміз бүгінде осындай деңгейге жетті. Қазақстан қазір өркениетті мемлекеттер қатарында. Бұған Елбасымыздың қосып отырған үлесі зор. Жастарға мүмкіндіктер көп. Өткенді ұмытпайды, болашаққа сеніммен қарайды. Өзім Елбасымыздың еңбекқорлығын қатты бағалаймын. Мен өзіме Елбасымыздың бойынан көптеген жақсы қасиеттер ала алдым. Мен де Елбасымыз секілді еңбегімнің жемісін көргім келеді.

Хоббиіме келетін болсам, негізінен спортпен айналысқанды қатты ұнатамын. Спорт-менің өмірім. Өз өмірімді спортсыз елестете алмаймын. Салауатты өмір салтын ұстанғанды жөн көремін. Сол мақсатта спорт секцияларына қатысамын. Негізінен спорттың ішінен волейбол мен баскетбол ойнағанды жақсы көремін. Волейболдан көптеген жарыстарға қатысып, біраз жетістіктерге жетудемін.

Бос уақытымда музыка тыңдағанды және тамақ дайындағанды ұнатамын. Тамақ жасауды өзімнің сүйікті ісіме айналдырдым десем де болады. Үнемі жаңа тамақ түрлерін қарап, оларды өзім жасап қарағанды ұнатамын.

Жаз-бұл оқушылардың асыға күтетін мезгілі. Жаз мезгілінде бос уақытымыз көп болады. Сол уақытымды тиімді әрі қызықты етіп өткізу үшін осы байқауға тіркелдім. Өзімнің алға қойған мақсаттарыма Массагетпен бірге жеткім келеді.

Ал, басқа байқауларға келетін болсам, оқушылар үшін фоторепортаждар немесе видеороликтер жасаудан және қазақстан тарихы туралы интелектуалдық сайыстар өткізілсе деймін...

Бұл байқау негізінен оқушыларға уақытын үнемдеуге, жазғы демалысын көңілді өткізуге және алға қойған мақсаты үшін аянбай еңбек етуге, сонымен қатар мақсатқа жету жолында еңбекқорлық пен табандылыққа ұмтылдыратын, осы жолда өзің-өзі жетілдіріп, жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік беретін байқау деп ойлаймын. Менде алға қойған мақсаттарыма жету үшін бар күшімді саламын.