Сұлулықтың өлшем бірлігі

Сұлулықтың өлшем бірлігі
жеке
блог

    Қазіргі таңдағы бойжеткендеріміздің тең жартысы айна алдынан шықпай, бет күтіміне аса мән беріп, дене бітімдерін ретке келтіріп отырады. Осындай аруларымызды көргенде әжемнің айтқан сөздері есіме түседі. Әжем әр айнаға қарағанымда "Айна алдында өскен қыз жақсы болмас"-,деуші еді. Әрине, қыз баласы болған соң сыртқы сұлулықты да ретке келтіріп отырған жөн. Алайда, ол дегеніміз күндіз-түні айна алдында отырып, сән журналдарынан білдей бір кітап сөресін құру емес қой.

  Адам баласының сұлулығын өлшеуге тұрарлық тек бірнәрсе. Ол біздің жан сұлулығымыз. Бұл жайында барлығымыз да естіп-білгенбіз, бірақ назар салып тыңдап жатқанымыз шамалы. Қызға тән сыпайылық пен көркем мінез адамды еріксіз өзіне баулиды. Көпке топырақ шашудың қажеті жоқ, дегенмен сырты сұлу сымбаттыларымыз өз сұлулықтарын тым жоғары бағалап, айналаға өзімшілдік қасиеттерімен танылып жатыр. Әлеуметтік желілердегі түрлі фотошоп көмегімен әрленген аруларымыздың суреті олардың сұлулығы емес, бетіне жапқан маскасы секілді. Ұлдар жағы сыртқы сұлулыққа мән беріп, олардың жан сұлулығы да сондай шығар деген ниетпен достық жіберіп, артынша сол парақшаға енді қайта кірместей болып кетеді. Қыздар біз неге мұндайға жол беруіміз керек, ойланыңыздаршы!

 Сіз сұлулық өлшем бірлігі не деп таныр едіңіз?