Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Кезексөз: "Мен Массагетке қалай келдім?"

Кезексөз: "Мен Массагетке қалай келдім?"

Кезексөз:

Алғашында тәй-тәй басып, ендігі сәбидей жүгірген Массагетімнің осы 3 жыл ішінде талай биікті бағындырып, ең бастысы оқырмандарына пайдалы дүние ұсына білетініне қатты қуанамын.

2 курста оқып жүргенімде Мұқағали мен Абайдың поэзиясынан өзгенікін мойындамайтын едім. Бірақ, группаласым, қазір әріптесім Шерхан бұл ойымды өзгертті. Оның өлеңдеріне тәнті болып, оқуға беруін өтінген едім: «Менің өлеңдерімді Массагеттен оқып аларсың...» деп қалжыңдады. Міне, сол уақыттан бастап осы сайтқа кіре бастадым. Қазнетте дәл осындай жобаның барына қайран қалдым. Жата-жастана өзім жақсы көретін психология айдарын үзбей оқып жүрдім. Оны қандай тілшілер жазады екен? Психология саласында алған арнайы білімі бар ма екен? деп көп ойландым. Сөйтіп, Массагет қызметкерлерін, Массагет кеңсесін көз алдыма елестете бастадым. Баруға, дәл олар секілді қоғамға бір пайдамды тигізуге ынтық болдым.

2 курсты тәмамдап, ҚазҰУ-дың ректоратында практикада жүргенімде Өмірбек досым хабарласып, жұмысқа шақырды. Бірақ, жұмысқа кіру, кірмеуің өзіңе ғана байланысты деп нығыздап айтты. Дәл сол күні универдегі бір ұстазым МТДИ сайтында жұмыс ұсынды. Алдымда екі таңдау тұрды. МТДИ немесе Массагет. Алғашқысының жалақысы көп, әрі сұқбатсыз алатын болды. Ал Массагеттің жағдайы бөлек... Десе де бүйрегім Массагетке бұрып тұрды.

Алғашқы күні Айгерім мен Өмірбек екеуі жұмыс көлігімен күтіп алды. Бастық, Болат ағай үшеуіміз ұзақ сөйлестік. Шыққан соң барлығы бетіме қарап бір нәрсе айтады. Сөйтсем біреуге ұқсатқан екен...

Алғашқы келген кез өте ерекше болды. Дәл қазір Айгерім, Анара, Мика, Ақеркенің тамаққа шақырып, артынша барлығымыздың асханада отырып шүйіркелесетінімізді, Ардақ ағайдың қалжыңдарын, Болат ағайдың УНО ойнамадық па? деген сөздерін, Қайсар ағайдың кеңсе ішін думандатып қазақша әндерге басатынын, Фараның үнсіздігін, Ғанидің позитивті ойлар айтатынын қатты сағындым. Ол кісілер қайда, кіммен жүрсе де, бақытты болғай...

«Ойға алғанымыздың барлығы міндетті түрде жүзеге асады», «Арман көп ұзамай мақсатқа айналады» дегендерге сіздер сенбесеңіздер де, мен сенемін. Себебі мұның барлығы менің басымнан өтті. Бірде сүйікті ұстазымның қолынан Ронда Берннің «Секрет» деген кітабын байқап қалып, артынша оны тауып алып оқыдым. Ол жерде жоғарыда тырнақшаның ішіне жазғандарым баяндалған болатын. Яғни Массагетке келмес бұрын оның кеңсесін, команда адамдарын көз алдыма елестете бастадым. Осы құрамға қосылып, еліме пайдамды тигізуге қатты ынтықтым...

Дәл қазір құрамы өзгерсе де, әрқайсысының мен үшін өз орны бар... Олар туралы Массагеттің 4 жылдық туған күнінде жазармын. Әзірге кезексөз таяқшасын әріптесім Ербол Жұмабайұлы мен белсенді қолданушыларымыздың бірі, туған сіңілімдей болып кеткен жан Жадыра Аққайырға ұсынамын.

13
Рейтинг: +8

Жазылған уақыты: 09 желтоқсан 2014, 17:08
Тегтер: Массагет, кезексөз

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.