СЕМІЗ ҚЫЗДЫҢ ОҚИҒАСЫ

СЕМІЗ ҚЫЗДЫҢ ОҚИҒАСЫ
жеке
блог

Мектеп кезінде семіз болатынмын. Әрине маған ешкім назар аудармайтын. Бірақ ол кездері тек сабақ деп, жігіт атаулыны ойламайтынмын. Жаман ашқарак едім, тамақ көп жейтінмін. Мама да тамақ аз аздан жесей қатты семіріп барасың десе де жей беретінмін тоқтамай. Ал менің класстас қыздарым шеттерінен әдемі, арық,өздеріне қарап қалған болатын. Әрине олардың жігіттері, ухажерлары да көп болатын. Оларға қызығатынмын. Ал маған ешкім қарамайтын. Сол кезде класстастарым сиақты әдемі болсам ғой деп армандайтынмын. Мен олардың жанында да тура алмайтынмын. 
Сөйтіп, мектепті аяқтап, оқуға басқа қалаға кеттім. Ол жақтың адамдарына,қаласына үйренісе алмай көп қиналдым. Күндіз түні үйді сағынып жылыйтынмын. Солай жүргенімде кәдімгідей арықтағанымды да байқамаппын. Сөз айтатын жігіттер көбейе бастады,қыздыр да маған қызыға қарайтынын байқай бастадым. Айнаға қарап өз көзіме өзім сенбедім. Неужели мына қыз мен деп… Группаластарымда мааа*******сен сияқты әдемі болғанымда ғой, арықсың,әдемісің, группадағы жігіттер де саған ғашық дегенде подружкамды құшақтап жылап жібердім. Бұрынғы мектеп кезім есіме түсіп… мен де мектепте солай ойлайтын едім ғой…
Жігіттер үздіксіз звондап, хат жазып, подаркалар сыйлап… менің назарымды өздеріне аударту үшін.Тіпті көшеде де танысайықшы дейтіндер көбейді… Подружкаларымның ағалары да танысқысы келіп, тіпті универдің алдынан шықпай мені күтіп жүретіндер де болды. Ал мен болсам, ешқайсысынада назар аудармадым. Шынымды айтсам, мұның бәріне сенбедім, мүмкін бұл түсім шығар, бәрі алдамшы шығар деп қорықтым… Жігіттер неткен әдемісің десе, жоқ негізі мен әдемі емеспін десем күлетін. Неге өзіңді олай төмендетесің десе, мен өзімді білем ғой дейтінмін. Мен ішімнен Сол баяғы сеп семіз,ұсқынсыз қыз ретінде сезінетінмін.
Бірақ ешқандай жігітке сөзміді бермедім, жай дос ретінде араласып жүрдім. Олар менің бұрынғы өмірімді білсе қашып кететін шығар дедім. Және олардың ешқайсысына сенбедім. Олардың айтатыны тек қандай әдемісің, мен сендей әдемі қызды армандадым… Ал менің ішкі дүниемде не болып жатқанын білмеді. Сол кезде тағы көзім жетті жігіттерге қыздың ішкі дүниесінен гөрі сыртқы келбеті маңызды. Ал маған менің ішкі дүниеме ғашық Адам керек. 
Жазда өз қалама барып, класстастарыммен кездестім. Әрине оларда қатты таң қалды. Тіпті пластикалық операция жасадың ба дегендері болды))))))
Сонымен қыздар сендерге айтарым-өздеріңе қараңдар және де ішкі жан дүниелеріңе ғашық жігіттер кездессін))))

Бұданда басқа қызықты оқиғаларды Basbarmak.kz сайтынан таба аласыздар.