Менің мамандық таңдаудағы жолым

Менің мамандық таңдаудағы жолым
жеке
блог

Мен қазіргі таңда Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студентімін. Осы мақалада мен бұл мамандыққа келудегі жолымды айтып беретін болсам , келер жас түлектер үшін қандай да бір көмегім тиер деген үміттемін .

Бұл жол 2021 жылдың жаз айында 11 сыныпқа аяқ басар уақытта таңдау пәнді таңдайтын кездегі шешімнен басталған болатын. Бір жыл уақыт ішінде мамандық туралы ой қозғалған уақытта, физика және математика пәндерін таңдап не математика мұғалімдікке , не IT мамадығына түсемін деген ой болды. Осылайша бір жыл көлемдегі уақытта өз мәресіне жетіп, Ұлттық Біріңғай Тестілеуден қалаған балымды жинап, мамандыққа ұсыныс тапсыратын кез де келіп қалған болатын . Менің сол уақыттағы басты мақсатым ҚазҰУ-ға түсу болғандықтан, ойланбастан “Ақпараттық технологиялар ” факультетіне өз таңдауымды берген болатынмын. Сөз шындығына келетін болсақ, өзімді IT маманы ретінде университетке түскенге дейін мүлдем көрген емеспін. Дегенмен де жұмыс- менің болашақтағы асыраушы наным болғандықтан , қанша қиын болсада, қанша уақытты талап етер болсада , өз саламның бетке ұстар маманы болуды мақсат етемін.

Бірінші семестр кезінде жалпылама пәндер оқытылғандықтан, өзімді IT-ға түскеніме сезіне алмадым. Тек екінші семестрде арнайы мамандық бойынша программалық пәнді оқи бастағанда ғана сезім өзгеше болды . Сөздің шыны керек, қорқыныш сезімі болды және де бірінші семестрде екінші семестрмен салыстырғанда аз пән болғанымен, оқудың бар қиыншылығын екінші жарты жылдықта сезініп жатқандаймын.

Менің ойымша, IT-да оқып жатқан студенттердің тең жартысы бұл мамандықты саналы түрде таңдап келген жоқ деп есептеймін. Себебі IT мамандығы Қазақстанда медицина және педагогика сияқты қатты дамымыған , жас мамандықтар қатарында. Сол себепті жастардың таңдауы көп жағдайда басқа салаға түседі. Тек грант саны көп болғандықтан ғана бәсекеге қабілетті деп айтуға болады.

Қоғам арасында жүрген көптің ойы , ол - IT тек ер азаматтарға тиесілі мамандық деп септейді. Иә, расымен де, IT-да ер бала саны басым болғанымен , бұл салада да қыздарға тиесілі орын бар . Жалпы айтқанда екі тарапта тең құқылы. Сол себептен , IT-ға түскісі келетін , бірақ көтпің ойымен ойланып жүрген жас түлек қыздар қауымы болса , оларға айтарым : тек жүректеріңізге сеніңіздер!

Сөзімді қорытындылай келетін болсам, IT -бұл болашақтың қайнар көзі. IT - бұл мүмкіндіктер ортасы . IT - бұл болашақтағы мамандықтардың нөмір біріншісі . IT өте қызықты салалардың бірі десем қателеспегенім . Себебі бұл салада оқу барысында түсінгенім , айтишниктер көпшіліктін түсіне алмайтын тілімен таныс , өздерінің бір басқа адам түсіне алмайтын қызықты , әрі өзгелерге түсініксіз ортасы болады . IT сонысымен қызықты!

 

Жемилева Мадина