Ақпараттық қауіпсіздік мамандғының қазіргі замандағы рөлі

Ақпараттық қауіпсіздік мамандғының қазіргі замандағы рөлі
жеке
блог

Бұл мамандық туралы қазіргі заманда көптеген адамдар неге айти бағыты қарқынды дамиды деген сұраққа душар болады. Бұл сұрақтың жауабы тайызда жатыр деуге болады, тереңдеудің де қажеті жоқ, қазіргі уақытта әлемде компьютерлік сауаттылықпен пен технологиялардың және ақпараттың артуымен осы заманды “ақпарат дәуірі” ретінде қабылдау кең көлемде тараған. Өзгерген заман адамзатқа жаңа мүмкіндіктермен қатар, жаңа қатерлерді де туындатты. Соның бірі киберқауіпсіздік мәселесі болып отыр. Уақыт өте келе ғаламтор қолданушыларының саны артты және мұндай жағдайда ғаламтор қолданушылары орасан зор қылмыс түрлерімен бетпе-бет кездесті. Солардың қатарында: онлайн “хакинг” арқылы адамдардың ақшасың жымқыру, мемлекеттік жүйелерді өз қолдарына алу секілді ауыр қылмыстар көбеюде. Осыған қарсы күресте “Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері” мамандығы үлкен рөл атқарып отыр, сондықтанда қазіргі уақытта айти бағыты жылдам дамып жатыр.

Біз  “Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері” мамандығы туралы не білеміз?

Ақпараттық қауіпсіздік-бұл ақпаратты бөгде адамдардан қорғаудың әртүрлі шаралары. Цифрлық дәуірге дейін адамдар ақпаратты қорғау үшін маңызды құжаттарды сейфтерге ұстап, күзетшілерді жалдап, хабарламаларын қағазға шифрлады. Қазір олар көбінесе қағаз емес, сандық ақпаратты қорғайды, бірақ шаралар бірдей болып қалады: ақпараттық қауіпсіздік мамандары қорғалған кеңістіктер жасайды (виртуалды "Сейфтер"), антивирустар сияқты қорғаныс бағдарламаларын орнатады ("күзетшілерді жалдайды") және цифрлық ақпаратты шифрлау үшін криптографиялық әдістерді қолданады.

Ақпараттық қауіпсіздік негізінен үш нәрсеге жауап береді: ақпараттың құпиялылығы, тұтастығы және қол жетімділігі. Ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасында оларды ақпараттық қауіпсіздік принциптері деп атайды. 

Менің ойымша бұл мамандықтың болашағы өте үлкен, себебі бұндай заманда мемлекеттің, халықтың ақпараттарының қауіпсіздігі алға қойылып отырған мәселе және оның маңыздылығымен қатар сапасы да артады деген ойдамын.

Максим Ерген

Жетекшілік: Жемилева М. М.