Мұхаммед Әлиді жеңген боксшы Владимир Кличконы жекпе-жекке шақырды

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Мұхаммед Әлиді жеңген боксшы Владимир Кличконы жекпе-жекке шақырды
Фото ©️ tn.kz

Бокстан ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Ларри Холмс украиналық Владимир Кличконы жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Lenta.ru Boxing News Online басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

БӨЛІСУ

"Мен 65 жастамын және титул үшін жұдырықтасамын десем, мен өз сөзім үшін есеп бере аламын. Кличко мен үшін қауіпті емес. Қалыпқа келуім үшін маған алты ай уақыт беріңдер", - деді Холмс.

Айта кетейік, 80 жылдары ағылшын боксшысына WBC пен IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы чемпион титулдары тиесілі болған еді. Ал 1982 жылы беделді The Ring журналы оған "Жыл боксшысы" сыйлығын берді. 1973 жылдың наурызы мен 2002 жылдың маусымы аралығында Холмс 75 жекпе-жек өткізген, олардың 69-ында жеңіске жетті (44 нокаут), ол жеңістерінің арасында Мұхаммед Әлимен өткізген кездесуі бар. Ал Владимир Кличко WBA, WBO, IBF, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Ол биыл 39 жасқа толды.