Бүгін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ҚР Парламенті қос палатасының б

Бүгін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ҚР Парламенті қос палатасының б
жеке
блог

Жиын барысында мектеп директоры А.Төлепбергенов және ақпараттық-насихат топ мүшелері Жолдаудың негізгі 5 бағыттан тұратындығы түсіндіріп, бұл жолғы Жолдауда «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгерту арқылы ел экономикасына жаңа серпіліс беретін ауқымды жобалар іске аспақшы екендігін айтылды. БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.
Президенттің кезекті сайлауы 2024 жылы, ал Парламент сайлауы 2025 жылы өтуге тиіс екенін баршаңыз білесіздер.Президент биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын деді. Сондай-ақ,Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды. Бірақ, қайта сайлануға тыйым салынады. Бұл бастаманың негізі қандай? Бір жағынан, 7 жыл – кез-келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең. Екінші жағынан, Президент мандатын бір мерзіммен шектеу Мемлекет басшысының жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша жұмылуын қамтамасыз ететін болады.
Сонымен қатар мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынды.Соның нәтижесінде 2023 жылдың ортасында Президент, Парламент, Үкімет сияқты негізгі саяси институттардың бәрі қайтажаңғырып, жаңаратын болады деді.
«AMANAT» партиясы
Түлкібас аудандық филиалы