ТУРИЗМ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
жеке
блог

ТУРИЗМ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Жиынды аудандық пария филиалының атқарушы хатшысы, аудандық маслихат депутаты, фракция жетекшісі Қ.Қыстаубаев төрағалық етіп жүргізіп отырды. Елімізде туризм саласының қай бағытта дамып жатқандығы, ұлттық туристік жобаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық еткен ірі жобалар бар екендігі жайлы мәлімдеме берді.
Осы тақырып бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің маманы Э.Жорабекова жаңа жобалармен таныстырды. Қазіргі уақытта туризм саласына да төмен пайызды несиелер қаралып жатыр. Сондай-ақ, демалатын, емалатын орындар өз қаражатынан ашса мемлекет кеткен шығынның 10% субсидия береді. Тур операторларға қоғамдық көлік ұйымдастырса 25%, үлкен маңызы бар жол бойында модульдік әжетхана салған азаматтарға ай сайын 85 000 тенге бөлініп отырады. Мемлекет тарабынан туризмді дамытуға барынша қолдаулар жасалып жатқандығында атап айтты.
Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі кеңесінің төрағасы, «Арман» АҚ санаториясының президенті У.Рахиев өз ұсынысын айтты.
Сарыағаш ауданында туризм саласының дамуы үшін санаториядағы қызмет көрсету сапаларын жолға қою керек.
1. Арнайы мектептерде мамандарды курстық дайындықтан өткізу.
2. Демалушыларға,жұмыс орындарына қатнаушыларға қоғамдық көліктің график бойынша қатынауын қолға алуды.
У.Рахиевтің ұсынысын Э.Жорабекова ауданымыздағы жауапты мамандармен ақылдасып шешу жолдарын қарастырылатындығын мәлімдеді. Жиныға қатысушыларда өз пікірлерін білдіріп, ойларын жеткізді.
#AMANAT