ПАРТИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XL КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
жеке
блог

ПАРТИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XL КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Басқосу Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, оған аудандық Саяси кеңес және Бюро мүшелері, партия ардагерлері, мәслихаттардағы депутаттық фракцияның мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бастауыш партия ұйымынан сайланған депутаттар, БАҚ өкілдері, жастар қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде белгіленген бірінші мәселесі «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын талқылау бойынша партия филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Қуаныш Қансейітов баяндама жасады.
Жаңа тұғырнама жобасына қатысты жарыссөзге шыққан «Ханарық» жалпы орта мектебі директорының орынбасары Алшиер Усманов пен №7 IT мектеп лицейі директорының орынбасары Ақмарал Нұрқамытова өз пікірлерін жеткізді.
Жаңа Саяси тұғырнама ел дамуына оң әсерін беруі тиіс. Осы бағытта «AMANAT» партиясы өзінің халық алдындағы жауапкершіліктерін нақтылап, қоғамдағы өзгерістер мен сұраныстарды ескере отырып тұғырнама дайындады. Бұл тұғырнама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы. Тұғырнамада Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасы, даму бағдарлары, ұстанымдары мен саяси мақсаттары қамтылған.
Ең бастысы – жаңа тұғырнама президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған реформаларды жүргізу мен Жана Қазақстан идеясын жүзеге асыруды басшылыққа алды.
Кезектен тыс конференцияда «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XLVI конференциясына Төлеби ауданынан қатысатын делагаттар тізімі ұсынылып, олар бірауыздан қолдауға ие болды.
Жиында партияның кезектен тыс конференциясына қатысушы делегаттар құрамы бекітіліп, Саяси тұғырнаманы талқылау жұмысын белсенді жүргізу қажеттігі жөнінде Қаулы қабылданды.