Өмір

Өмір
жеке
блог

Өмір. Иә, біз қуаныш пен қайғымен сүріп жатқан өмір. Дәл осы өмірдің ащысы мен тұщысын көтеріп келеміз. Ең қызығы бұл өмірде әртүрлі адамдарды кездестіреміз. Біреуі бақыт алып келсе, енді біреуі қайғымен тұмшалайды. Сондықтын әрбір басқан қадамымызды анық басатындай болдық.
Кез-келген жағдайда мойымау керек. Қаншама адам бір қиындыққа шыдай алмай өмірмен қош айтысты. Қалай ойлайсыз дұрыспа осы? Жоқ әрине, көтеруге, шыдауға болатын нәрсе үшін беріле салуға болмайды ғой. Міне өмір бізді осыған үйретеді. Осы өмірді көре беріп, шыңдаламыз, өсеміз. Бастысы берілмеу керек екен. Он бес жылдың ішінде түсінгенім осы. Өмірді өзіміз үшін сүреді екенбіз. Бастысы ата-ана бауырларымызды бағалау. Алдыға мақсат қойып, асқақ армандарға қол жеткізу. Жалған өмірде армандаған әрбір арманыңа қол жеткізе білсең қандай бақыт десеңші. Тағыда түсінгенім, адам баласы үшін өлімнен басқа мүмкін емес нәрсе жоқ екен
Егер қаласақ тауды да қопара алатынымыз анық. Бастысы мойымау. Басқа түскен сынақтан шыдамдылықпен өтсек шыңдала түсемізғой. Осыны ұмытпайық.
Өмір-бізге берілген мүмкіндіктер теңізі. Соны дұрыс жолмен пайдалана беру керек. Құр үміттен не пайда армандарға жетпесек?