Әлем чемпионатына қатысатын 48 елдің спортшылары тіркеуден өтті

О Сансызбай Корреспондент
Әлем чемпионатына қатысатын 48 елдің спортшылары тіркеуден өтті
Фото ©️ fdk.kz

24-30 тамыз аралығында Астанада дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Осыған орай тағы да бірқатар мемлекеттің спортшылары қатысу жөнінде өтініш білдірді. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Елордада өтетін додаға 17 елдің спортшылары қатысатыны туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Енді ол қатарды Венгрия, Гватемала, Гана, Грузия, Доминикан Республикасы, Замбия, Иордания, Кувейт, Латвия, Лихтенштейн, Маврикия, Моңголия, Жаңа Зеландия, Непал, Норвегия, ОАЭ, Польша, Перу, Руанда, Сенегал, США, Чили, Фиджи, Эстония, Эквадор, Австрия, Армения, Аруба, Багам Аралдары Достастығы, Буркина-Фасо және Франция елдері толықтырып отыр. Алдағы уақытта өзге елдер де спортшыларының қатысатындықтарын ресми түрде хабарлайтын болады.

Айта кетейік, елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған әлем чемпионатының маңызы жоғары. Оған әлемнің ең үздік балуандары қатысатын болады. Отандастарымыздың да Олимпиада жолдамасы үшін өтетін белдесулерде негізгі ұпайларды иеленіп қалуға мүмкіндігі мол. Расында да байрақты бәсекенің елімізде ұйымдастырылуы ел спорты үшін ғана емес, дзюдошыларымыздың да жеңіске жету үшін талпынуына қамшы болары сөзсіз.