Өзің кінәлі сезінген - ана.

Жасым 26 ға келіп тұрмысқа шықтым. 27 жасымда ұл босандым. Әбден жұмыс істеп үйренген мен 1 жас бір айында садикке беріп жұмысқа шықтым. Садикте жиенім, кластасым істейді, өте жақсы қарады. Еш уайымсыз, еш алаңсыз жұмысқа барып жүрдім.

Жұмысқа шығуымның себебі көп, бірі - екінші рет декретке шығуға дайындалып жатырмын.

5 ай барып жүрді. Өзімнің аяғым ауыр. Садиктен алып кету қиын болып кетті. Себебі, алыс. Папасы болмай қалған күндері маған қиын болып кетті. Әрі десе 5 этажда тұрамыз. Үшке көтерілгенде аяғым дірілдеп кететін. Бір күні солай тасып жүріп 500 мыңдық телефоным ұрланды. Содан үйдің жанындағы садикке берейік деп шештік. Басында жылады. Үйренетін шығар дедім. Тастап бара жатқанда жылағанын көріп есік сыртында біраз тұратын болдым, жылағанын қашан қояр екен деп. Әбден басылған соң бірақ кететінмін жұмысқа. Сонда да көңілім жай болмай алаңдай бастадым. Солай екі апта өтті. Бала әліде тастағанда жылайды, алғанда да жылайды. Өзгере бастады. Үйге келіп мені, папасын ұратын болды. Тамаққа деген тәбеті мүлде жоқ. Мені құшақтап жат дейтінді шығарды. Түнде соңғы бес күн болды шыңғырып жылайтын болды. Бүгін папасын шымшыпты. Бала көргенін істейді. Қазіргі тәрбиешісінің жүзі суық ана түріне қарап өзім күмәнданып жүр едім, мына түрмен балаға мейіріммен қарайма екен? - деп.

Үйге келіп балаға сырттай отырып әбден бақыладым. Түнде жылап оянғанда құшақтап тағы қарап отырдым. Мен өзім білетінім балада күндіз жайсыз оқиға болса түнде есіне түсіп жылайды.

Қазір міне, 4:59 кетті.

Мен шешім қабылдадым, бүгін өз бұрынғы садигіне апарамын. Алыс болсада тасимын. Ондағы тәрбиеші кластасым, жақсы көріп Батырым деп қарсы алып, кетерде бетінен сүйіп баламда көңілді шығатын.

Өзімді кінәлі сезініп ұйықтай алмадым. Екі апта бойы баламның қиналғанын қалай сезбедім? Екі апта бойы өзгергенін неге байқамай бүгін сездім? Аллам кешіре гөр. Бала Алланың аманаты дейді, Аллам мені кешіре гөр, баланын жанын қинап қойсам.

Бала 1 жас 6 ай болсада жұдырықтай жүрегі бәрін сезеді екен. Айналадағы адамның қас-қабағы, кім шынайы жақсы көреді, кім жасанды жақсы көреді. Кім мейірімін төгеді соған бала жақын болады екен… соны сезген кішкентай жүрегіңнен балапаным…



Бөлісу: