Елбасы және Тәуелсіздік

Елбасы және Тәуелсіздік
жеке
блог

               Елбасы және Тәуелсіздік

     Тәуелсіздік – қазақ жұртының сан ғасырлар бойы армандаған ұлы қазынасы. Тәуелсіздікке жету жолы өте күрделі, ұзақ жол болды. Тарих беттерінен білетінім, халқымыз бодандықтың, орыстану саясатының, одан қала берді аштық пен жұттың, білімсіздіктің құрбанына айналды. Сол қиын кезеңде бас болып, халыққа жол көрсетуге талпынған алып тұлғаларымыз, еркіндік үшін өз жандарын қиды.

    Бірақ қазақ – тайсалмайтын халық. Қайтпас қайсарлықтың арқасында, бар күшін салып, бодандықтан босап, еркін, тәуелсіз мемлекет бола алды. Уақыттың жылдамдығына таңқалмасқа амал жоқ. Өз тілі, өз заңы бар, салт-дәстүрін сақтаған, шекарасы берік ел болғанымызға 30 жыл толды. Осы жылдар ішінде еліміз  экномикалық қуатты, ғылым-білімі дамыған алпауыт мемлекет дәрежесіне жетті. Татулықты ту етті. Аңсап жеткен тәуелсіздік -  мемлекеттік рәміздерімізде де мен-мұндалап, айрықша көз тартады. Тәуелсіздік туралы ой қозғап, Елбасын сөзге қоспау әбестік болар.

    Мен, тәуелсіздік көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дер едім. Себебі, тұңғыш президентіміз келген сәттен бастап, еліміз жаңа, жарқын бағытта дамып келеді. Халқымыз – елдің көркейіп, дамуын тұғыш президентке сеніп тапсырды. 18 млн халықты бір тудың астына біріктіріп, көпұлтты мемлекетті тату-тәтті өмір сүруге бағыттады. Тәуелсіздікпен тыныштықты нығайту мақсатында әскери, білім, медицина тағы басқа да салаларыды жоғары деңгейде дамытуды қолға алды. Демократия мен демографияның сапасын арттыру жолында арнайы жобалар ұйымдастырды. Президент болып, бүтін бір елді бірлікте ұстау көп адамның қолынан келе бермейтін, үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Тәуелсіздіктің нығайып, шаңырағы биік, керегесі кең ел болу жолында, Елбасымыздың атқарған еңбегі орасан зор.

   Тәуелсіздік – өмірімнің басты құндылығы. Еркіндікте бақытты балалық шақты өткіздім. Бейбіт елде тыныш өмір сүріп, сапалы білім алып жатырмын. Біздегі баға жетпес байлық кей жанның арманығой. Менің міндетім қолда бар шекіз бақыттың қадірін біліп оны бағалау.

Тәуелсіздік жолында жанын берген ата-бабаларымыздың аманатын қастерлеу, оны келесі ұрпаққа әрі қарай нығайта отырып, мұра ету, татулықты сақтау барша қазақ халқының борышы.

 

                                                                   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

                                                               Журналистика факультеті, "Баспагерлік-редакторлық 

                                                              және дизайнерлік өнер кафедрасы", "Баспа ісі"                          

                                                               мамандығы, 2- курс студенті Ермекбай Сағыныш