Зайырлы мемлекет және дін

Зайырлы мемлекет және дін
жеке
блог

       Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Зайырлы мемлекет дегеніміз — діни тап өкілдерінің мемлекет билігін тартып алуына жол берілмеуі. Зайырлы мемлекет азаматтық қоғамның құрамдас элементі ретіндегі діни бірлестіктердің қызметін заң шеңберінде реттеп отыратындықтан, ол дін субъектілерінен заңдар мен құқықтық нормаларды қатаң сақтауын және өз қызметтерін заң шеңберінде жүзеге асыруын талап етеді. Мемлекет пен қоғам үшін діни алауыздық пен тағатсыздықтың өршуі қаншалықты қауіпті болса, заңдардың, адам құқықтары мен бостандықтарының аяққа басылуы да соншалықты қауіп туғызады. Бірінші жағдай діни фанатизмді туындатса, екінші жағдайда құқықтық нигилизм өріс алады. Зайырлылық ұғымы өзара ынтымақтастық пен түсіністікке, ал зайырлы мемлекет ұғымы заңдылық пен құқыққа негізделгенде ғана мемлекеттілік пен ұлттық қауіпсіздіктің берік тұғыры қаланады.
Конституциялық негіздегі «зайырлылық» ұғымы мемлекеттің дін саласында ашық әрі айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, дін мен мемлекеттік саясатты араластырмайтынын білдіреді. Яғни зайырлылықты атеизм, дінсіздік немесе дінді терістеушілік деп емес, мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы деп түсіну қажет.Демек, зайырлы мемлекет діни сенім бостандығын құқықтық қамтамасыз етілетіндігімен құнды.

        Зайырлы қоғамда әлемдік және дәстүрлі діндердің құндылықтарын ғылыми тұрғыдан танып білген жөн. Қазіргі уақытта адам мен қоғам өміріндегі ақпараттық және интеллектуалды ортада діни наным-сенім мен сананың рөлі өсіп келеді. Діни ұстаным адамзатпен байланысты әлеуметтік құбылыс болғандықтан, адамзат мәдениеті ұғымымен де тікелей байланысты. Діни ұстаным адам өміріндегі құндылықты, өмір мәні ұстанымада ықпал етеді.

Қорытындылай келе Зайырлы мемлекет ұғымының түп-тамыры діни құқық тұрғысынан адамсүйгіштік құқығын басшылыққа алуда жатыр. Адам және адамның өмірінің құндылығы ғасырлар тереңінен зайырлы және құқықтық мемлекет құруға деген талпынысты туындатты. Зайырлы мемлекет – діни наным-сенімді адам болмысына тән қажеттіліктердің бірі ретінде қарастырып, құқықтық нормаларды басшылыққа алады. Зайырлы мемлекетте діни құқық емес, адамның дінге деген құқығы әлеуметтік заңдылықтар шеңберінде қарастырылады. Мемлекеттің зайырлы немесе теократиялық үлгілерінің қайсысы дұрыс екендігі жайлы пікірталас туындағанда кейбір азаматтар зайырлы мемлекетте адам құқықтары басты орынға қойылатындығына көңіл аудармай жатады. Құқықтық мемлекет құрудың маңыздылығы еліміздің барлық азаматтарының діни сеніміне қарамастан заң алдындағы теңдігінен көрінеді