"Серке" газетінің тарихы.

"Серке" газетінің тарихы.
жеке
блог

ХХ ғасырдың бас кездері қазақ халының ұлт болып жойылып кету қауіпін тудырған кез еді. Сол ғасырда орын алған саяси оқиғалар, ел іргесін әлсіретті. Патшалық Ресейдің қыспағы халқымыздың мәдени өркендеуіне де кедергі болды. Сол зұлмат замандарда халыққа арқау болып, көмек көрсететін адамдар- зиялылар еді.

Зиялылардың бас қосып бірігуінің арқасында ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында тәуелсіз бсылымдар пайда бола бастады. Сол газет-журналдардың алғашқыларының бірі, қазақ баспасөз тарихында ерекше орын алатын "Серке" газеті. Бұл газеттің ғұмыры тым қысқа болғанымен, талай үлкен зерттеулер мен сыни мақалаларға арқау бола алды." Серке" газетін 1907 жылы Петербургтағы  татардың " Улфат" газетіне қосымша газет  ретінде шыққан газет дейді.Газет редакторының қызметін-Шаймерден Қожығұлов атқарған.Алайда, өкінішке орай "Серке" газеті 3-4 нөмірі басылып шығарылғаннан соң тоқап қалған.Газет жайында Ш.Қошығұловтың айтуымен жазылған Орталық Ғылыми кітапханадағы қолжазбада газет атауына байланысты мынадай дерек бар: "…боранда қойды жайылымға бастаушы серке мағынасында алынған"." Серке" газетінің басты мақсаты- ислам дүниесін біріктіру, білім-ғылымды наисхаттау, ұлттық автономиялардың негізін қалау болатын.Тіпті, кейбір ғылыми әдебиеттер бұл газеттің тек бір саны ғана шыққан деген дерек те келтіреді.

"Серке" газеті Кеңес өкіметі тарапынан жасалған цензураның құрбаны болды. Бұл газеттегі кейбір мақалаларда қазақ халқын кеңес үкіметіне қарсы үгіттеу бар деген айып тағылып, газет шығарылымына тыйым салынған.

 

                                                                                                  Инжибекова Меруерт Унгаровна