Мұстафа Шоқай және "Бірлік туы" газеті.

Мұстафа Шоқай және "Бірлік туы" газеті.
жеке
блог

Алаш зиялалыларының әрқайсысы біздер үшін қайталанбас ұлы тұлға.Десек те тарих көшінде замандастарынан ерекшелніп тұратын тұлғаның бірі-Мұстафа Шоқай.Түркістанның тұтастығына толықтай сенген, сол ауыр жолда аянбай еңбек еткен адамның бірі осы Мұстафа. Шоқай  көреген көсем, алаш арысы.Сол жылдары көптеген қайраткерлер большевиктер мен келісімге келуге болады деп шешім қабылдағанда, Мұстафа билік басындағылардың алдамшы уәделерінің біреуіне де сенбеді.

Мұстафа Шоқай халық мұңын мұңдаған асыл тұлғалы азамат болған. Ол ел-жұртының азат өмір сүруі үшін саяси күрестен де бастартпады. Шоқайдың саяси майдандағы қаруының бірі- баспасөз еді.Ол өзінің саяси көзқарастары мен идеяларын халыққа жеткізу мақсатында түрлі газет-журналдарға мақалаларын жариялап отырған еді.Қайраткер тек мақала жазумен ғана шектелген жоқ, ол киелі Түркістанға қатысты газет немесе журнал шығаруды көздеді. Сол жолда аянбай еңбек етті. Мұстафа Шоқай студент кезінен бастап-ақ, баспасөздің қоғамға, саясатқа, халықтың мәдени өміріне тигізетін әсері жайлы білген.Баспасөздің ықпалының мол екенін, газеттердің пәрмені күшті екенін байқаған.Осы себептерден де Шоқай баспасөз қызметінен қол үзбеген.

Мұстафа Ташкент қаласында Ұлттық орталықтың төрағалығымен қатар "Бірлік туы" газетін басқарған еді.Бұл оның алғашқы газет басқару тәжірбиесі болды."Бірлік туы" газеті 1917 жылдың маусымынан бастап шығарыла бастады. Бұл газет Ташкен қазақтары құрған" Ықтият одағының" баспасөз қызметін атқарды.Бұл баспаның басты саясаты- Түркістан тұрғындарының бірлігін қамамасыз етіп, саяси саналарын дамытып, толықтыру.Газет аптасына бір рет басылып отырды.Шоқай басқарған бұл газет Бөкейхановтың жетекшілігіне болған "Алашорда" партиясының баспасөз қызметі "Алаш" газетімен үйлесімді әрекет еткен.

"Бірлік туы" газеті шығарылмас бұрын, Ташкенттегі қазақтар үшін "Алаш" деген газет жұмыс жасап тұрған.Оны басқарған К.Төгісов болатын. Алайда, ол газет Ташкент қазақтарының талап-тілектерін жеткізуде табысты бола алмады.Бұл жағдай көптеген Ташкенттегі қазақ зиялыларына ұнамады. Олар басқа газет шығаруға ұсыныс тастаған, бірақ, ұсыныстары қабылданбады. Сол себептен, Ташкенттік қазақ зиялылары Шоқай мен С. Қожановтың төңірегіне топтасып "Ықтият одағының" іргетасын қалады. Осы ұйымның баспасөз одағы ретінде жоғарыда айтылған "Бірлік туы" газетін шығаруға шешім қабылдады.Газеттің  баспасөз саясатының құрылуына Шоқай тікелей әсер еткен еді.Сол кездерде ол газет жұмысының алға жылжуы жолында аянбай еңбек етті. Бірақ , Шоқай Ташкенттен кетіп, газет басшылығы Қожановқа өтті.Өкінішке орай, сол жылдардағы патшалық Ресейдің саяси қыспағы бұл газетті де айналып өтпеді. 1918 жылдың ортасына дейін отызға жуық саны жарық көрді. Одан соң, газет Түркістан боьшевиктерінің қолына өтіп жабылып қалды.

                                                                                           

                                                                                                Инжибекова Меруерт Унгаровна