Соңғы хат
жеке
блог

Соңғы хат

Өмірлік оты сөнгенмен,
Қалдырған ізі өлмейді.
Жаны аяусыз өлгенмен,
Мәңгілік рухы сөнбейді.

Тұлғалары сақтаулы,
Әр ұрпақтың есінде,
Үміті жанның ақталды,
Тоқсан бірдің кешінде.

Үміт берді келер күн,
Жол бермеді сынғуа.
Ашық болар енді күн,
Тәуелсіздік тұғырда.


Өткен бабам ерлігі,
Қайталанды бұ кеште.
Сексен алты жылында,
Болмас ұмыт қылуға.

Оңай бермек қайда деп,
Тәуелсіздік бұл елге
Әкелемін пайда деп,
Қыршыннан кетті егесте.
Жадында мәңгі бұл елдің,
Сақталады бәрі есте!

Желтоқсанның ызғарлы да, өктім аязы барша әлемді шарпып жүргендей. Үскірік аяз жүректі мұзға айналдыруға құмартып қайта-қайта ысқырып соға берді. Бүгінгі күннің өзі маған бір хабар бергісі келгендей еңсемді ауыр зіл басты. Мән бермедім. Жатаханам мұз құрсауында қалып кеткендей еді. Аяз өрнек салған терезеден солғын күннің сәулелеріне аздап кідіріп зер салдым да, оқуыма шығып кеттім. Ту сыртымнан әлде біреу қаһарлана төніп келе жатқандай, жүрегім алабыртып сала берді. Өз-өзіммен алпарысып келе жатқаным сол еді, курстастарымның және өзге де оқу орындарында оқитын құрбы-бауырларымның Брежнев алаңына ағылып жатқанын байқадым. Алғашқыда жаңа жылдық мерекелік іс-шараларға дайындық деп ойладым. Алайда, айналамдағы жандардың қабақтары қатулы, жүздері қаһарлы. Неде болса мән жайды білуге мен де алаңға асықтым.Алаң-студент жастар мен жұмысшыларға және сауатты басшыларға нық толы. Арғы беттен қоңыр дауыс
,,Бүгін 1986 жылдың 16- желтоқсаны және дәл осы уақытта Қазақ халқымен бітеқайнасып, ауыртпалығын бірге еңсерген Д.Қонаевты басшылық қызметінен босатылып орнына Қазақ өлкесіне еш уақытта аяқ баспаған сонымен қатар,үстемтап биліктің қанау саясатын жүргізу мақсатында Г. Колбиннің тағайындалғаны мәлімделді"-деп сөзін бұрқылдаған ыстық жаспен аяқтады. Айналаға мұқият зер салдым, ойыма алғаш келгені қазақ жастарының намысшылдығы мен жұдырықтай бірлесе ұжымдасуы еді. Алайда көкірегімде бір ой пайда болды, бұл бірлесуді үстемшіл үкімет басқыншылық деп қабылдап, жазықсыз қыршын тағдыр мезгілінен ерте қиылмайды ма деген беймаза сауал жүрегімді расында мұзға айналдырды. Бойымдағы ар-намысыммен келер күнге деген сенімім менің бұл алаңнан кетуіме жол бермеді. Бір қынжылатыным арамызда ерлермен араласып қарагөз қарындастарымыз да бой көтеріпті. Бетін қайтарып тоқтатуға тырысқанымызбен тұла бойларындағы қазақ қыздарына тән өжет мінездері басу сөзге бағындырмады.
Бастапқыда шамамен үш мыңдай толқын құраған жастар, кеш қарайа жиырма бес мыңнан асарлық күшке айналды.Денелері үсіп жансыздана бастаған жастардың бет алысы басылудың орнына одан әрі өршіге берді. Қолдарында қарулары жоқ қазақ жастары Отанға деген шексіз адалдықтары мен болашаққа деген үміттерін қару тұтып, бейбіт келісіммен және қабылданған шешімге қатысты өз көзқарасымызды еркін әрі еш бүкпесіз білдіруге тырыстық. Алайда, бұл бастаманы алғаш көргеннен-ақ көтеріліс пен заңсыз бас көтеруге балаған Ресей қоғамы бізді өздернің аяусыз езгісінің құрбаны қылмаққа ұмтылды. Сол бағытта қол астындағы қолшоқпарларына қару асындырып,біз құмырсқаша қаумалаған алаңға аттандырды. Ойымызда көтеріліс ұйымдастырып, заң бұзу мүлде болмады, тек өз хақымызды талап етпек болдық. Тұтқиылдан жабайы доңыздай бізге қарай ентелеп, арсиып келе жатқан сарылардың төбесі көріне бастады. Қолдарында асынған қаруларына деген сенімділіктері болмаса әскер сиқы жоқ.Олар әскерге жылдап уақытын өткізіп шыныққан соң нағыз сарбаз атанса,ауылдың әрбір қарадомалақ баласы жастайынан қой бағып, күресті меңгерген. Арнайы әскерсіз-ақ әрбіреуінің тұла бойында қанмен дарыған беріктік байқалады. Сүйек лақтырылғанда таласатын қорқаулардай жеке бастарының еркіндігі жоқ жазықсыз жандарды қырғанына мәз пенделер. Олар келісімен мән-жайды түсіндіріп, адами тұрғыда мәмілеге келмек ниетте едік. Сүйкімі қалмаған бейнелерімен бізге төне кетпесі барма, аздаған уақыт ішінде жапатармағай төңкеріс басталып кетті. Денесінің үсіп,қан айналымдары тоқтаған жастардың жартысынан жуығы әлсіз соққының өзіне төтеп бере алмай өмір қызығын өлім дәміне айырбастаған күйі жерде жаншылып қала берді. Қарулы қолмен арпалысып жатқанымда маған жігер берген: өзгеге еш уақытта қиянат қыламаған, мың өліп мың тірілген қазақ мемлекетін қаншама жаудан керегесін сөкпей аман алып қалған бабамыздың ерлігін үлгі тұтып, 1731 жылдың 19 наурызынан бергі уақыттағы ұлт тарихының жарқын жаққа өзеруіне үлес қосуға және қазақ ұрпағы ретіндегі міндеттерімізді еш мүлтіксіз орындамай беріле алмайтындығымыз жайындағы ой еді. Бір сәтке басымды жоғарыға көтере бергенімде, алқымынан тұншықтырлып жатқан, әр-намысы тапталып аяусыз тепкіленген және бұрымдарынан сүйрелгеннің әсерінен қолаң шаштары терілерінен ажыраған қазақ қыздарын көргенде тірі өлікке айналып сұлқ тұрып қалдым. Сол сәттен бастап ең әуелі ботагөз қазақ қыздарын қасық қаным қалғанша қорғап,өлім құшағында жандары мәңгі құрсанған тұтқын кегін алуға бекіндім. Бар ашу ызаммен қыздың етегінен сүйрелеген арсыздың артынан аңдатпай келіп құлақ шекесінен бірді қойғанымда екпесінен аумалай қолындағы қаруының қайда қалғанын аңдамай да қалды, сол уақытты пайдаланып лезде мұз үстіндегі жаманды ала жөнеліп маған атылған кеудемсоқты қалай атып өлтіргенімді аңдамай қалдым. Алғаш рет... алғаш рет адам өлтіріп қолымды қанға былғадым. Демім үзіліп кеткендей құлағым шыңылдап есімді қара басты. Оқ дыбысынан назарларын маған аударған сарылар есімді тез жиюымның себепкерлері.Бойым оқ дыбысынан үйренгендей, көз алдыма қорланған қарындастарым елестей берді ашуға булыққан тәнім денеме әмірлік етіп маған беттеген үшеуінің алдыңғысының өмірін көзалдымда күйреттім, жабыла берген жойқын соққылар алғашында бойыма дарығанымен жүрек күші еңсере алған-ды. Қалғандары өз өмірлерімен алпарысқанда, мен темір таяқтармен айқастым. Көтеріліс екпіні әлсірей бастағанда бой тасалап аман қалған бауырларымды іздеуге кірістім.
Сол уақытымды пайдаланып болашаққа хат қалдырмаққа бекіндім.
Қапыда орын алған көтерілісте ең әуелі соққыға жығылып, ауыр соққылардың әсерінен тіл тартпай кеткен, денелері тапталып жаншылған қазақ қыздары үшін және сан ғасырлар қазақты құрсауына шырмап, жазықсыз халықты қанай отырып езгіге салған, өз мәдениетіміз бен тарихымызды ұмыттыруға тырысқандарды орнына келтіру мақсатында. Мен-Қайрат Рұсқылов және өзге көтерісшілер тарапынан үндеу жасаймын. Бұл бастамалар нәтижесінде Қазақ қоғамында тәуелсіздік туы желбірейме, әлде отаршылдар өз мақсаттарына жете ме белгісіз. Бірақ мен мың өліп мың тірілген қазақтың айы оңынан туарына сенімдімін. Осында болған бар адамның арманы егеменді ел келбетін көру, әділдік дәмін сезіну. Тіпті тәуелсіздік алған күнде біз оны тамашалай аламыз ба... ол да беймәлім. Алайда ол күнді сендерге табыстаймыз Жас ұрпақ. Тәуелсіздік қандай жолмен келсе,сондай күшпен сақтап қалыңдар. Қазақ жастары жасқануды білмейтін, отан үшін жан қияр, нағыз батыр елдің ұрапақтары және әрқашан әділдікті жақтар намысшыл! Тарихымыз бен ұлттық мұрамызды қанша жерден күйреткісі келгенімен түп тамырымен ешкім жоя алмаған. Біздің рух ешқашан дамыл таппас,төгілген қан ақталмас егер сол мұраны өз қолдарымен талқандап, ұлтынан безген ұрпақ тәрбиеленсе. 16-желтоқсан тарихта қаншалықты жойқын да ауыр ізбен қалғанымен келешек ұрпаққа еркін өмір мен жаңа тыныс сыйласа жасаған әр әрекетім үшін ешқашан өкінбеймін.

Мұң шерім қалған жерімді,
Еркіндік күнін аңсап,
Еңіреп қалған елімді
Уату мақсатпен
Өз қолмен қаздым көрімді.
Тұлғасы биік жастарым ешқашан Отанға қиянат қылмаңдар, қанша жерден қимастық болғанымен бұл елді сендерге аманаттадық. Аманатқа қиянат етпегейсіңдер. Өмірімізді сендердің тағдырлары мен болашақтарыңа айырбастамақпыз. Ел басшысы сайланарда елінің қасіретін жан тәнімен сезініп, мұңын бөлісетін әділетті ердің қазақ жастары арасынан боларына күмәнім жоқ. Мүмкін жарқын өмірді бірге көрерміз немесе ол көріністі басқа әлемнен тамашалап еңбектің ақталғанына риза боламыз.
Қош бол жас ұрпақ. Мен сендерге сенемін.

 

 

 

 


            Тәуелсіздік.Қасиеттім.Қастерлім.

          Өзің барда өзегімде жоқ шер-мұң, 

          Кеше сенің келбетіңді армаң қып, 

     Боданына бодауландық басқа елдің.

                                        (Қалқаман Сарин) 

Тәуелсіздік-бұл түсінікті әр адам әр түрлі қабылдайды және сезінеді, бағалауы да сан алуан. Себебі, әр елдің тәуелсіздік жолындағы құрбандықтары мен тарихы мүлдем бөлек. Сондықтан да бұл ұғымды естігенде орын алатын эмоциалар сол ұлттың тәуелсіздік жолын аңғартады. Қазақ қоғамы бұл тараптан ұлан асыр тойлататып ағынан жарылатынын немесе тағдырлары қыршыннан қйылып арттарынан ізбасарлары да қалмаған жастардың аяусыз өлімін жоқтарын білмей қалып жатады. Менің ойымша, қазақ халқының басынан нелер өтіп не көшпеді, ендігі Тәуелсіздікті тізгіндедік-ау дегенде айналамызда орын алып жатқан шешілуі қиын (жемқорлық, ана тілдің ұмытылуы,әділ басшылардың азайуы) мәселелер мен ұрпақ түсінігінің шатасуы нәтижесінде егемендіктің қадір қасиетін жоғалтуда. Қолда бар байлығымыздың қаншалықты ауыр да азаппен келгенін біле тұра өз жеке басымыз үшін тарихты ұмыта бастауымыз міне, осы қайғырып бармақ тістеуге тұрарлық. Ал Тәуелсіздікті әрқашан еске алып барға қанағат ете отырып, аға-әпкелеріміз аманаттаған күнге қиянат етпей, елдің көркейіп одан әрі дамыту мақсатында күш біріктіріп, желтоқсаншылар сенімін ақтасақ батырлар рухына жасаған ең үлкен тағзым осы. Өмірлері тоқтағанмен қалдырған іздері, шам-шырақтары ешқашан сөнбейді. Аманатқа қиянат етпей, ер сенімін ақтар ел болсақ бағындырар белестер әл алда!

Сексен алтыдан бұрын халық елдігі мен егемендігіне көзделген көтерілістер мен зиялылардың өз шығармаларында арқау болған еңбектері әшкереленіп ұлты үшін өлім құшты.Тәуелсіздік жолында қаншама қан төгіліп, тағдыр жолы өлім бекетіне бұрылды. Бабалар салған ізді одан әрі көркейту- біздің міндет.

Көптеген бағдарламаларда қанды шайқастан аман қалған желтоқсаншылар бой көрсетуде. Алайда, көз қуантарлық күйде емес...

Әр желтоқсанда ер есімдерін ардақтап, дәріптеп үлкен іс-шаралар іске асырылады. Бірақ, аман қалған желтоқсан батырларының хал-жағдайына мән бермеген халқына әрдайым жанашыр жоғарғы дәрежелі ағаларымыз бұл жағдайды ескермеуі баршамызға өте ауыр тиеді. 

Мерекелік кешке құрылған қомақты қаржыдан қаһармандарымыздың тарапына құйылса, өздері мақсат етіп күрескен егемен елдің әр таңын көру бақыты сәлде болса ұзарып және жүректеріндегі жараны жас ұрпақ жазар еді. 
Баршаңызды Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!