Ұлттың ауруы

Ұлттың ауруы
жеке
блог

– Сіздің денсаулығыңыз тәуір, бірақ бірнеше жерде бастапқы рак клеткалары бар. Оларды бастапқыда емдеу оңай. Бірақ қозып кетсе кейінгі жағдайыңыз өте ауыр болады(Дәрігер)
– Ойбай-ау аға оны қалай емдейміз?
Соған орай бір дәрілер жазып берсеңіз дұрыс еді. Тезірек емделіп, бәлесінен құтылайын!
– Ауру және шипа бір Құдайдан.
Ал әрекеті бізден. Мен сіздің алғашқы ауруыңызды анықтадым және мына дәріні іше тұрыңыз.
5-гор.больницаға барып терапевтке қараласыз.
Направлениені алыңыз. Сол жерде Абай Құнанбаев деген терапевтке жолығасыз мына ауруыңызға шипа табады.
Егер өткізбесе Қожа Ахмет Яссауидан дейсіз.

5-шілде 2020-жыл, сағат 08:15.

– Ал кіріңіз! Есіміңіз және қандай жағдай сізді мында алып келді?(А. Қ)
– Есімім Қазақ, бастапқы рак клеткалары бар дейді қай жері екенмін білмеймін мына қағазда жазылған.
– Ееее солай де! Қазақжан. Жүректің астында шығыпты. Жағдай мәз емес.
Бұл ауру жеңіл бірақ жеңіл болғанымен өршіп кетсе кеттің ғой. (А. Қ)
– Иа солай айтты направление берген кісі.
– Қазақжан былай істе:
Бірінші, барлық организмді улы заттардан босату керек. Сол кезде ішкі жүйең өзі емделуге жол ашады.
Екінші, ауруға алып келген жағдайға ұрынба.
Үшінші, "кредит және қарыз" сияқты жаман заттарды жеме, олар сенің иммунитетіңді құлатады.(А. Қ)
– Сіздің сөзіңізді түсінбедім?
– Айналайын қарағым, түсінбесең өз күнәң. Бірақ осы айтқандарымды орындасаң сен ауруыңнан жазыласың. Семен теңесетін адам болмайды. Ракты жеңген адам өзін жеңгенмен тең. Айтқан кеңесімді ал! Антибиотик және парацетамол уақытша дәрі олар ауруды басқанымен, ауруды қайтармайды.

Адамның денесінде бір кішкентай ет бар. Егер сол ет ауырса бүкіл дене ауырады. Ол – жүрек.

Осы айтқаным саған кеңес әрі хикмет болсын!
Құдай өзі қолдасын!(Абай Құнанбаев)
______________________
Елімізді түрлі заттар улауда. Оларға қарапайым мысал жемқорлық. Біз осы аурумен қазірден күресуіміз керек.. Ауруды білсек ем тез табылады. Және осы посттағы мысалым әркімге ой салады деген ойдамын.
Келешек біздің қолымызда, келешек жастардың қолында!

 

Адаев Өркен  – магистрант

Есмұрат Еркебұлан – магистрант

Жанатаев Данат Жанатаевич – доцент, жетекші