Еншісін алған еркін ел.
жеке
блог

Еншісін алған еркін ел.

          Біз қазіргі таңда бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Еліміз аман, деніміз сау, ата-анамыз жанымызда. Ешқандай қиындық көрмедік. Осы күнге біз қалай жеттік? Осы сұраққа бір сәт ойлансақ, кешегі отан үшін от кешкен ата-бабаларымызды есімізге аларымыз сөзсіз. Себебі біздің бақытымыз үшін сол батыр бабаларымыз өз жандарын қиып,от кешті. Ұлы отан соғысында талай батыр аға-апалар өз жанын қиды.Атап айтсақ Әлия, Мәншүк сынды батыр қыздардың ерлігі мәңгі есте сақталып келеді. Мен өзімнің білім алып кеткен мектебімді мақтан етемін. Өйткені менің мектебім де батыр, ержүрек ҰОС-ның батыры Мәлік Ғабдуллиннің атында болған. Ол кісі де батыр, мықты азамат болған. Біз үшін, қазақтың кең байтақ жері үшін күресе білді. Сол батыр ағамыздың есімін кірлетпей, ұятқа қалдырмау біздің міндетіміз.

         Қазіргі кезде батыр болу деген екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Елі, отаны үшін отқа түсу-қазіргі жастар үшін оп-оңай сияқты. Әркім өз қара басының қамымен, ешкімде шаруасы жоқ. «Өзім тыныш жүрсем болды, басқада не шаруам бар» дейтіндер де бар. Теледидардан түрлі оқиғалар туралы естіп, көмекке келген адам болмады дегенді естіп жатамыз.Бірақ адамдардың барлығын кінәлауға да болмайды.Қаншама адамды өрттен, судан құтқарып жатқан жасты да, үлкенді де кейде естіп жатамыз.Дәл қазір батырлар аз деп ойлаймын. Ал Отан үшін отқа түскен біздің аталарымыздың ерлігі бізге үлгі болып қала бермек. Осы күнге жеткізген сол бұрынғы батырлар туралы айта берсек таусылмайды.

          Қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Бірақ бұдан да асқан жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ. 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей заулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті. 17желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды, кейінірек ол Республиканың басқа далаларына тарады. Тәуелсіздік жолына Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова сынды қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде ерлік көрсетіп, құрбан болды. Азаттық қазақ халқының  ежелгі арманы еді, талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашанда мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы тарихи жағдайларды еске түсіріп кетейік.

          1941-45 жылдары Азамат тарихында болмаған алапат соғыста жан қиған  қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті.  «Кеңес одағының батыры» атағы берілді. Атыраудан Алтайға дейін Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсті. Дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұлт үйірілді.

         «Талай боздақ талай жерді жастанған» дегендей бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қанын төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. Бірақ қазақтың өр ұлдары мен қыздары көбеймесе азая қоймады. Оның айғағы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.Дүниені дүр сілкіндірген әлемге қазақ деген атты паш еткен желтоқсан көтерілісі. Ерлігіміздің арқасында қазақстан егеменді ел  болып дүниежүзіне танылуда. 1991жылы біздің отанымыз егеменді тәуелсіз қазақ мемлекеті болды. Біздің тұңғыш Елбасы Н.Назарбаев былай деген: «Бізге азаттық азаппен арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз».

        Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолдан бұлтармай алға баса береміз. Осы бақыт үшін баршамыз тәубе дейміз. Осы жолда білімімімз бен біліктілігімізді, қайратымыз бен қабілетімізді қажет  болса жанымыз бен қанымызды аямай жұмсаймыз. Сүйікті Отанымыз - Азат Қазақстан мәңгі құлпырып, жайнай берсін, жарқырай берсін! Бағы жанып, абыройы арта берсін!

Боранбай Әлия Сағатбекқызы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті.

«Баспа ісі» мамандығының 2- курс студенті.