Журналдың отаны Франция
жеке
блог

Журналдың отаны Франция

Орындаған: Мақсатқызы М., 2 курс студенті

Жетекшілері: Майкотова Ғ. Т. , ф.ғ.к., доцент

Әлім Ә.А. аға оқытушы

 

Аты шулы түрлі брендтің Отаны болған Франция елі ең алғашқы журналдың да авторы бола білген. 1665 жылы ең алғашқы журнал «Журнал де саван» деген атпен Францияда жарық көрген. «Журнал де саваннан» кейін ізінше көрптеген журналдар жарық көре бастады. Ең қызығы 1672 жылы жарық көрген «Меркюр галан» атты журнал мазмұны жағынан қазіргі журналдарға ұқсас болған.

Франциялық Пьер де Шамблен де Мариво 1722 жылы «Спектатэр франсэ» атты журналға иелік еткен. Демек жекеменшік журнал да осы Франциядан бастау алған.

Франция қазіргі күнде мыңға жуық журналдар шығарады. Бұл елдің журналдарын ақпаратты саяси апталықтар, көпшілікке арналған юллюстрациялық журналдар, телеапталықтар, әйелдер журналдары, иллюстрациялы қосымшалар деп бірнеше түрге бөлінеді. «Пікір қалыптастырушы» деген терминді қолдану арқылы жаңалық журналдары шығатынын айта кеткен жөн. Дәлірек айтсақ, Р. Эрсанның «Фигаро магазин», «Фран-суар магазин» журналдар осы бағытқа жатады. Франция елінің әлеуметтанушылары «Фигаро-магазин» журналын интеллектуалдық басылымға жатқызған. Себебі журнал оқырмандарының 27%-ы жоғарғы білімді азаматтер екендігі дәлелденген.

Елдің тележурналдарына тоқталатын болсақ, ең танымал тележурнал «Теле – 7 жур» журналы болып саналады. Франциялық танымал тележурналлдың негізін 1960 жылы монополист Ж. Прувоның иелігінде жарық көрген. Журналдың аты айтып тұрғандай бұл теледидардағы көрсетілімдерді талқылайтын журнал болып саналады.

Францияда тек бұл бағыттағы журналдар ғана емес әйелдерге арналған журналдар да кеңінен тараған. Франция сән әлемі болғандықтан әйелдердің журналы керемет сұранысқа ие. 1945 жылы «Эль» журналы бүгінгі күнде 19 елге тарайды. Осы таралымына қарап-ақ журналдың әйгілі екенін білуге болады. Бірақ бұл журнал монополистік топ «Ашетт» тобына тиесілі. XYIII ғасырда жарық көрген әйелдерге арналған журналдар оқырманның көзайымына айналған. Себебі оқырман көбеймесе, азайған емес.

Оқырманның көпшілігі қалың қара газетті емес, әні мен сәні келіскен журналды қызығырақ көреді. Дизайн жағынан болсын, ақпарат жағынан болсын журналдың өзіндік эстетикалық тартымдылығы болатынын білеміз. Газет мазмұндық жағынан жаңалықтың жаршысына айналған, ал журналдың басты назары жаңалықта емес. Сондықтан журнал оқырманға жеңіл контент ұсынуымен ерекшеленеді. Журналды да жақсы көріп оқыған соң журналдың шыққан Отанын біліп жүру де маңызды.