Бүгінгі "Қазақ әдебиеті"газетінің тақырыптық,мазмұндық ерекшелігі
жеке
блог

Бүгінгі "Қазақ әдебиеті"газетінің тақырыптық,мазмұндық ерекшелігі

Бұрында Қазақстан Жазушылар Одағының органы болған, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті – «Қазақ әдебиеті» өзінің сексен бес жылдан астам тарихында сан-алуан кезеңді басынан өткере отыра халық көзін ақпаратпен қамтамасыз етіп,ұлт жаршысы болды.

Ұлттың мүддесі мен қоғамдық сананы қалыптастыру мақсатында газет ерен еңбек етті.Дәл осы газеттің арқасында елдің мәселелері шешіліп,әдебиет әлеміде көркейді.Өзінің еңбек жолында газет біршама өзгеріске ұшырады,бірақ соған қарамастан өзінің бастапқы қалппын сақтап қала алды.Мәселен, алғашқы жылдары газеттің белгілі бір ретпен шығатын жүйесі қалыптаспады. Әр жылдағы саны әрқалай шығып тұрды. Газеттің таралымы алғашқы жылдары 1-3 мың көлемінде болса, 1935 жылы 3500-ге жетті. 1940-54 жылдары газеттің шығуы тоқтап, 15 жылдық үзілістен кейін 1955 жылдың қаңтар айында шыға бастады. Қайта жарық көрген басылымның бас редакторы Сырбай Мәуленов болды. Осы жылы газеттің 51 саны жарыққа шықса, 1956 жылдан бастап аптасына бір рет, жылына 52 саны басылып шығатын белгілі бір жүйе қалыптасты.Сол жүйе қазіргі таңда әлі де қызметін атқаруда.Бұдан бөлек о баста әдебиет хабаршысы болған газет әлі де сол бағытынан тайған жоқ. Газет беттерінде қазақ ақын жазушыларының өлең, жыр, дастандары, әңгіме, очерктері, роман, повестерінен үзінділер, байырғы мәдени қазынамыздың ел аузында жүрген асыл үлгілері, көне тарихымызға қатысты деректер мен археологиялық-этнографиялық мұралар, қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні және келешегі жайлы байыпты әдеби-сын мақалалар мен ойтолғаулар жарияланып тұрады. Сонымен бірге, оқу-ағарту, білім, ғылым саласындағы әралуан көкейкесті мәселелерді сөз етеді. Кино, театр, сымбат, қолөнерінің келелі тақырыптарын кеңінен толғап, белгілі әдебиет, өнер қайраткерлерімен сұхбат жүргізіп, олардың жаңа шығармашылық туындыларын оқырмандарға таныстырып отырады.Газет толықтай әдеби мәселелерді кеңінен қамтиді.Кез- келген тұлға бойынша болсын көптеген ақпараттармен қамтамасыз етілген.Бұдан бөлек осы газетке мақала жариялаймын деуші жандар үшінде мүмкіндіктер қарастырылған.Әдебиеттің теңізінде жүзем дейтін жүйріктер үшін таптырмайтын газет. Қазақ Әдебиеті тек қана ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қоймай,сондай-ақ елдің,әсіресе қазір көзден кеткен тіл мәселелерін шешуде толағайдай еңбек етуде.Материалдарда барынша әдеби көркем тілді қолданғандарынан бөлек тілдің мүдсін қорғауда адал қызмет атқаруда. Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндейтін болсақ, «Қазақ Әдебиеті» газеті қазақ халқының әсем,маржанды көркем тілін тұғырдай биікке шығаруда толассыз еңбек етіп отырған ардагер газет.Қаншама жылдық тарихында тілдің мерейін асқақтатып,әдебиетіміздің жолында еңбек етуде әлі де еңбек ете бермек!