"Қазақстан жастарының саяси белсендігін арттыру жолдары

"Қазақстан жастарының саяси белсендігін арттыру жолдары
жеке
блог

               Жас кезде адам қызба келгенімен, жастық жалынының арқасында ертеңгі ғұмырына үлгі боларлық істер атқарып жатады. Әйтсе де, қызуқандылықты салқын ақылға жеңдіргеннен ешкім ешқашан ұтылмасы анық. Әсіресе, теңіздей терең саяси өмірде жас адамның бойына ең бірінші керегі – ұстамдылық. Болашағынан үміт күткен ел, ең алдымен қоғамдағы жастар мәселесіне көңіл бөледі. Қазақстанда да жастар саясаты бар екені және қоғамның дамуына белгілі бір дәрежеде үлес қосып келе жатқаны шындық.Арнайы жобалар дәл осы біздей жастардың саяси белсенділіктеріміздің арттуына арналған.

            Мем­лекет жастар саясатына басты на­зар аударып келеді. Мұның ай­қын дәлелін Елбасымыздың сөй­ле­­ген сөздерінен көруімізге бо­ла­ды. Бірақ соған қарамастан жас­­­тар­дың қоғамдық ұйымдары­ның қызметінде белгілі бір кем­шіліктер де көрініп тұр.
Біріншіден,жастардың ұйым­дары әлі саяси ұйым деңгейіне жет­кен жоқ. Қоғамдық ұйым­дар бел­гілі бір универ деңгейінде ғана әре­кет етіп келеді. Олардың қалалық, об­лыстық және респуб­ликалық дең­гейдегі белсенділігі төмен.Екіншіден, горизонтальды бел­сенділік төмен деңгейде. Яғни жас­тардың түрлі қоғамдық ұйым­дары бірлесіп белгілі бір мәселені шешуде салғырттық көрінуде.Үшіншіден, осы жастардың қо­ғамдық ұйымдарының басшы­ларының вертикальді және гори­зон­тальды белсенділігінің төмен­ділі­гі. Ұйым басшылары белгілі бір универ шеңберінде ғана әрекет етіп келеді.Жастардың белсенділігін арттыру мақсатында түрлі істер атқарылуда.Білім берудің мемлекеттік стан­дарты бойынша барлық жо­ғары оқу орындарында саясаттану пәні оқытылады. Мұндағы басты мақ­сат – жастардың саяси сауат­ты­лығы мен белсенділігін арттыру. Мұ­ның бәрі саяси мәдениеттілікті қа­лыптастыру үшін қажет. Сая­сат­тану салыстырмалы түрде жас пән болғандықтан жастар арасындағы жаппай саяси сауаттылық жайлы айту әлі ерте. Жастардың саяси бі­лі­мінің артуына біршама уақыт қа­жет. Дегенмен, бұл мәселеде бел­гілі бір прогресс байқалуда. Ел­ба­сының «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласында гу­ма­нитарлық ғылымдарға, оның ішінде саясаттану ғылымына ерек­ше назар аудару көзделген. Демек, мемлекет қоғамның ғана емес, жас­тардың да саяси сауатты болуы­на мүдделі. Демократиялық мем­лекет құру үшін қазіргі жас­тардың саяси сауатты болуы маңыз­ды.Саясаттан тыс, адам қызметінің басқа да салаларында оқитыны, жұмыс істейтін жастарда кəсіби қызметте, қоғамдық өмірде азаматтық белсенділік танытулары үшін олар мемлекет саясатын, өз саласындағы мемлекет саясатының басымдықтарын жақсы білуі, оларға сүйенуі керек.Саяси сауатты жастар қоғамдағы саяси үрдістерге ықпал ете алатын, əсіресе мемлекетті басқаруға, басқару органдары ісіне қоғамдық көмек беруге дайын болады. Немесе өз қызмет саласында мемлекеттік саясат ұстанымдарын жүзеге асыруға саналы түрде кіріседі.Саяси сауаттылық жастардың саяси сезімдерін тəрбиелейді. Қоғамдағы саяси оқиғалар мен процестерді дұрыс қабылдауға, өзі іс-əрекетінде басшылыққа алуға, қоғамға теріс саяси- идеологиялық əсерлерге берілмеуге иммунитетті қалыптастырады. Сонда ғана жастарымыз тəуелсіз Қазақстанның саяси құндылықтарын қорғауға даяр болады.Елімізде жүргізіліп отырған жас­тар саясаты артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. Басты ар­тық­­шылық – мемлекет жастарға көңіл бөлуде. Бұл бағытта іс-ша­ра­лар жүргізіліп келеді. Басты іс-ша­ра жастар саясаты саласының құ­қықтық институциялануы бо­лып табылады. Яғни жастар сая­сатын жүзеге асыру үшін мем­лекеттік деңгейде нор­­мативті база қалыптастыру маңызды. Бірақ осы мәселеде мы­надай кемшілік көрінуде: жастар саясаты бағы­тында түрлі бағдар­ла­малар қабыл­данғанымен, оларды жүзеге асы­руда олқылықтар жібе­рілу­де.Жастар саясаты жастарды сая­си құрал ретінде емес, олардың не­гізгі мәселелерін шешуге бағыт­талуы керек. Жастарды тұрғын үй, жұмыспен қамту, өмірде өз орнын табу және өзін-өзі дамыту мәселе­лері толғандырады. Сондықтан жас­тар саясаты осы бағыттарға сәй­­кес қалыптастырылуы орын­ды.Жастардың басым көпшілігі тәуел­сіз Қазақстанда дүниеге кел­ген. Сондықтан жастардың саяси бел­сенді болғаны маңызды. Ал қа­зіргі таңда жастардың басым көп­шілігі саяси белсенді емес. Мұн­дай саяси мінез жастардың мүлдем саясатқа қызығушылы­ғы­ның жоқ екенін білдірмейді. Жас­тар әлеуметтік желіде, тұрмыстық дең­гейде саяси белсенді. Ал бұ­қа­ра­лық деңгейде біз саяси бел­сен­ділікті байқамаймыз.Меніңше, мемлекет бұл мәселеде жастарға көп көңіл бөлуі тиіс.Мемлекеттік идеология мә­се­ле­сі әрқашан актуалды. Әсіресе, мем­лекеттің болашағы болып та­былатын жастарды тәрбиелеуде мем­лекеттік идеологияның орны ерек­ше. Себебі, идеология қоғам­ды бірік­тіруші, бағыттаушы және рет­теуші қызметін атқарады. Жас­тардың белгілі бір мақсатқа жету жолында бірігіп бағытталуы мем­лекеттің болашағын айқын­дайды. Ендеше, бізге жастардан ертеңгі мықты саясаткер тұлғалар шығуы үшін қандай идеология қажет? Қазіргі жастардан ер­теңгі мықты саясаткер тұлғалар шығуы үшін ұлттық мүддені көз­дейтін мемлекетшіл идеология қа­жет. Яғни болашақ саясаткер ұлт­тық мүддені жеке мүддеден жо­ғары қоюы керек. Осыны жастар бойына сіңіру керек.Мемлекеттік идео­логия елімізде жоқ деген пікір­ге мен келіспеймін. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі жүргізіп отыр­ған ішкі және сыртқы сая­саты, нормативті-құқықтық база, жүргізіліп отырған іс-шаралар барлығы мемлекеттік идеологияны құрайды. Осы саяси-құқықтық іс-шаралар арқылы қоғам басқары­лып, бағытталып келеді. Әсіресе, қабылданып отырған стратегиялық құжаттар (Қазақстан-2030, Қазақ­стан-2050) мемлекеттік идеология­ның маңызды құрамдас бөлігі бо­лып табылады. Қытайдың ұлы ре­фор­маторы Дэн Сяопинның бас­ты қағидасы «шындықты іс жү­зінен іздеу» мемлекетіміздегі идео­логияның бар екендігін дә­лел­дейді. Сондықтан жастардан бо­лашақ саясаткерлерді қалып­тас­тыруда идеологияны шеттен із­деудің қажеті жоқ. Жастар қа­зірдің өзінде мемлекеттік идео­ло­гия негізінде бейсаналы түрде тәр­биеленіп келеді

  Қорытындылайтын болсақ,біздің еліміз жастардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында әр жыл сайын түрлі жобалар іске қосып,жастарды саясатқа қызықтыру шараларын жасап жүр.Түрлі саяси ақпарат алатын құралдар,түрлі шағын жобалар тіпті универде оқытылатын саясаттану пәніде дәл осы біздей жастардығ саясатқа бейімділігін арттырып,саяси білім алудың маңыздылығының дәлелі!Мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуда,тек соны ұғынар жастар болса,саясат әлеміне ену үшін барлық есік ашық дер едім!Себебі, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашақ-жастардың қолында» деген рухты сөзі бар емес пе?!Болашақ елдің жағдайы тікелей бізге байланысты,сол үшінде мемлекет бізді саясатқада өзгегеде әзірден дайындауда.