Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны
жеке
блог

Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны

Ф. И. Голощекиннің есімі қастерлі қазақтың тарихында  социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдарындағы әрекеттерімен есте қалған.Өз жерінде еркін ойнап күле алмаған сорлы қазақтың қайғысына қайғы қосылып,езулерінен күлкі қашқан сұрғұлт заман дәл осы кездермен күңіренген еді. Голощекин жергілікті ауылдардың қазақ лебін сезінбегенін алға тартып,бізге Қазан төңкерісі керек деп,өзінің ойлап отырған,жоспарлап жүрген идеясын халыққа ұсынған болатын.

Тарих тағылымына көз жүгіртсек,Голощекин алғаш идеясын халыққа таныстырған кезден бастап көптеген қарсылықтарға ұшырап отырған,көбі оның идеясын даттаса,енді бірі мақтаған.Осындай кезде жоғары жақтын қолдауын күткен Голощекин Сталинге арнап хат жазған болатын.Ол өзінің хатында өзінің идеясының қоғамға пайдалы екенін айтып барынша ағынан жарылған болатын.Нәтижесінде Сталин оған кері хат жазып,оны қолдайтынын білдірген.Сталин хатында Голощекиннің идеясының жақсы саясат екенін айтқан.Осылайша  алып қолдауға ие болған Голощекин өз идеясы жолында алғы жұмыстарды жасай бастайды.Дәл осы кезден бастап  Голощекин идеясына жол ашылды. Голощекиннің  негізі  «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты екіге бөліктер тұрған,оныі біріншісі өлкенің өнеркәсіптерін орташа және жоғарғы деңгейде дамыту,ал,екіншісі сол өлкелердегі шикізат қорын молайту.Голощекин негізі өзінің идеясын 1927 жылы ұсынып,ол 3 жыл аралығында қолдау көрмей тек 1930 жылы осы идеясы партиялар жиналысында мақұлданған болатын.Солардың қатарында А.Андревте болған болатын.Осылайша Голощекиннің идесы уақыт өткен сайын қолдауға ие бола бастады,бірақ оған қарсылық білдіргендерде болды.Мәселен, Смағұл Садуақасов осы идеяға қарсы болған боалтын.Ал,Садуақасовтың бағыты осы Голощекиндікіне біраз ұқсас болғанымен,негізгі екпін Қазастанды өнеркәсіп еліне айналдыру болды..Қарсылықтар мен қолдауларға ие болған Голощекин өз идеясын іске асыруда аянбай еңбек еткен болатын.Тіпті,сол кезеңдерде Кеңес үкіметіне наразылықтарын білдіріп,ел қамын ойлап,шыр-пыр болып жүрген қаншама адамдар соқпақ жолдардан өтуге мәжбүр болды.Олардың айтқан пікірлерін бұрмалап,сүбелі сөздерін теріске шығарып оларды «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деп атап,жала жауғандар мол болды.Осы кездерде Голощекин өзіне қарсы шыққандардың барлығын дерлік жазалап,түрлі айыптармен кінәлап түрмелерге қамаған болатын.Тек олар ғана емес сондай-ақ дінге қызмет етіп жүрген талай дінқызметкерлерінде өзге жат дінді ұстанушылар деп жазалап,халық алдында бейнелерін жаман реңде көрсеткен болатын. Голощекиннің басқаруымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, сол ұйымда болғандар деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.Осылайша Голощекинннің идеясы қазақтың бетке ұстар аяулы азаматтарына азапты молынан әкелген болатын.Қаншама қайғы,қаншама жас! Тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы осы Голощекиннің кесірінен аса ауыр шығынға ұшыраған болатын.Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға және тағы басқада елдерге көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында қазақтың бағына болар Голощекин орнынан босатылған болатын!Голощекинннің орнынан кетуі талай қазақтың қайғысын азайтып,болар елдің белін буған болатын.Қазақ халқы арамза болған идеяны ұсынушының кетуіне риясыз қуанып,болашақ еркіндікке деген үміт сәулесі туындаған болатын!