Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің 1150 жылдығы

Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің  1150 жылдығы
жеке
блог

Бір күй бар домбырада құдіретті.

Ашатын хош иістей көкіректі.

Аты оның Әбу Насыр Мұхамед қой,

Сөйлеткен тіл бітіріп, тоғыз шекті!.. деп ежелгі қаламыз Отырардың  «Барба-Фараб» деп аталып тұрған шағында дүниеге келіп,Фарабтан шыққан Әбу Насыр деген атпен күллі ғаламға екінші ұстаз болған ұлы даламаздың ұлы тұлғасын Ілияс Есенберлин бекерден киелі домбыраға теңемеген!Білім-ғылымның әлі шарықтамаған шағында сан алуан салада өшпестей із қалдырған көне көзді,ойшыл дара тұлғамыздың қалдырған еңбектері кеудемізде жаңғырып тұрмақ!Ұлы  ұстазға биыл 1150 жыл толып отыр,осы жылдар арасында біз Әл-Фарабиден не үйрендік,оған біз не бердік?

Қазақта небір ойшыл ғалымдар мен ақын,жыршылар толып жатыр,әр қайсысының орны бөлек,олардың біреуі музыка саласына енді бірі әдебиетке,онан қалса саясатқа,сурет өнеріне,медицинаға үлес қосса солардың жанында жарық жұлдыздар жанындағы түндге жарық беріп тұрған ай бейнесінде Әл-Фараби әлі күнге дейін асқақтап тұра бермек,оның әр еңбегінен ілім алып келеміз,мәселен музыканың теориясы мен тарихы жөніндегі зерттеулерінде әл-Фараби көптеген ойшылдардан асып түсті. «Китаб әл-мусики әл-кабир» («Музыканың ұлы кітабы») деп аталатын еңбегінде музыканы зерттеді, аспаптардың жаңа түрлерін өзі ойлап тауып, жасап шығарды және жетілдірді, үрлеп тартылатын: най, сыбызғы, қыпшақ; ішекті уд, чанг, рубаб, шахруд, дутар, қобыз, танбур, канун; ұрып ойналатын: нагора, тыйбл, дойра жә сынды аспаптарға үн беріп олардың дыбысының қайдан,қалай шыққанын біз сияқты болашақ ұрпаққа мағлұмат етіп қалдырып кетті,осы туындысы арқылы біз музыканың құдіретін,әуез әннің кіршіксіз таза бейнесін білдық,аспаптарда ойнауға машықтана бастадық,бұдан бөлек Әбу Насыр әл-Фарабидің қайырымды  қоғам құрудың қолайлы жолдарын іздейтін алты бөлімді «Қайырымды қала тұрғындары туралы трактаттар» кітабының әр бөлімінде не туралы қарастырылатынын бір-бір сөйлеммен айтып өтсек,оның бірінші бөлімінде Алла-Тағаланың болмысы және оның сипаттары, есімдері туралы айтылған,меніңшн,бұл бөлімнен біз діни білім аламыз,жаратушымызды танимыз,екінші бөлімде рухани жандар мен періштелер болмысы және аспан денелері туралы қарастырылған сол арқылы  тылсым дүние туралы таныдық, ал,үшінші бөлімде аспан денелері мен ғаламшарлық материалдық денелердің өзара байланысы туралы айтылады –бұл астраномия саласын қамтиды және төртінші бөлімде адам және оның жан, тән қуаттары, еркек пен әйел және олардан жаратылатын баланың морфологиялық, физиологиялық, психологиялық даму ерекшеліктері туралы қарастырылған болса,бесінші бөлімде адамның өз қалауы арқылы бар болған нәрселер мен адам қоғамы және оған не қажет, осы қоғамның жіктелуі т.б. жағдайларға сипаттама беріледі. «Қайырымды қала тұрғындары» кімдер, бұл қаланы құрайтын адамдардың ерекшелігі туралы айтылған,соңғы бөлімде надан көзқарастар мен қоғамдар, надан қалалар мен надан басшылықтар, олардың іс-әрекетінің салдарлары туралы баяндалады.Осы бір тракттанының өзінен-ақ діни білім алуға,астрономия,биология,физика,психология,философия салаларында зор ілім алдық,Алланы таныдық оның жаратылыстарын таныдық,ер мен әйел ұғымдарын,денеміздегі болатын өзгерістерді білдік,айналамыздағы болатын түрлі күштерді,тартылыстарды үйрендік,нағыз басшы қандай болатынын білдік осының барлығын Фарабтан шыққан Әл-фарабиден үйрендік,ал,біздің оған берер нәрсеміз,оның атын ұлықтаумен шектелмек! Атанған «Екінші - ұстаз» Фарабидің

Ғылымның саласы жоқ ой салмаған.

Білген ол араб, латын, грек тілін,

Ғұлама, Шығысқа көп берген білім,

Пәлсапа, алгебра, музыканы,

Зерттеген бос тастамай бірде-бірін сан саланы сұңғилата білген дара тұлғамыз біз үшін ілімнің жан шырағы,біз оған құрмет көрсетуге парыздармыз!

Қорыта айтар болсақ,тірі энциклопедия болған Отырарлық ойшылдан біз өзімізді таныдық,айналамызды таныдық,алған іліміміз көл-көсір!Оның еңбектерін айтуға мына қысқа ғана өмірдің зу етіп өтер уақыты аздық етеді,Әл-Фарабиді оқу керек,одан оқығанды  көкейге тоқу керек,Бұқар жырау айтпақшы «Жақсының аты өлмейді,әлемнің хаты қлмейді»,Арада 1150 жыл өтседе,ұлы ұстаздық ұлылығыы өшкен жоқ!Алған білімімізге қайьтарым ретінде ұстаздық  осы бір мерейтойын жаһанға жар сала,дүбірлете тойлау біздің парызымыз деп білем!Сөзімнің соңын !лияс Есенберлиннің ойшылға арнаған сөзімен аяқтағым келіп тұр. Өлген жоқ әл Фараби тірі мәңгі,

Ұйқыдан оянған жоқ сол күн таңғы.

Ала алмай келе жатыр мың жыл бойы,

Ұлы ойды, алса да өлім жан мен тәнді!

Мінекей тұрмын мен де атыңды атап,

Халқыңа тарап жатыр аңыз, лақап.

Бас иген Шығыс, Батыс, барлық жұртың

Бір адам алсын сендей алсын атақ!

Тартып бір әл Фараби домбырамды,

Тілеймін бұдан да шат атар таңды.

Мың жылдан кейін тағы кездес, бабам,

Той тойлап ұрпағыңмен қазақ қанды!