Ұлыстардың құрылуының Еуразия тарихына әкелген үлкен өзгерістері

Ұлыстардың құрылуының Еуразия тарихына әкелген үлкен өзгерістері
жеке
блог

Қазақстан аумағындағы ұлыстық жүйенің дамуы біренеше өзгерістер әкелді.Нақтырақ,Моңғол империясының төрт ұлысқа бөлінуі.Біздің аумақ үш ұлыстың құрамына кірді.1260 жылдың аяғына таман Моңғол империясы ыдырағаннан кейін,өз алдына тәуелсіз төрт моңғол мемлекеттері бөлініп шықты.Бұл кезде де мемлекеттердің құрамы өзгеріссіз қалды.

Моңғол билеушілері уақыт өте келе әкімшілік реформалар жүргізуге мәжбүр болды.Осыдан кейін лауазымды адамдар мен қарапайым халықтың көп бөлігінің ислам дінін қабылдауы басқару формасына айтарлықтай өзгерістер алып келді.Бұны біз түркілік көшпелі халықтардың ықпалынан десек те болады.Келесі бір өзгеріс – моңғолдардың жаулап алушылық іс-әрекеттері Батыс пен Шығыс жақ елдерді жақындастырды.Азия мен Еуропа арасында орналасқан Жошы ұлысы,яғни Алтын орда алғаш Еуропа елдерімен қарым-қатынастар орнатты.Мұндай қарым-қатынастар сонымен қатар тиімді діни-көзқарастық саясатты да қажет етті.

Қорытындылай келе ,осындай күрделі әрі бірінен кейін бірі орын алған өзгерістер түптеп келгенде Еуразия тарихындағы жалпылама үдерістірдің өзгерісіне,дамуына әкелді.Осылайша еуразиялық мемлекеттер әлемнің тарих сахнасында маңызды сипатқа ие болды.