Ұстаз мәртебесі

Ұстаз мәртебесі
жеке
блог

2019 жылы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Педагог мәртебесі туралы" заңға қол қойды. 21 баптан тұратын бұл заң 500 мыңнан астам педагогтың мүддесін қорғап, жалақысын жоғарлатып, қоғамдағы мәртебесін арттырады деп жоспарланып отыр.

Бүгінде заңның қабылданғанына 1 жылдан астам уақыт өтті. Және өз нәтижесін көрсетіп келеді. Алғашқы жоспарларының бірі ұстаздар жалақысын көтеру туралы мәселені 2021 жылдан бастап қолға алып, қазіргі таңда жалақыларын жоғарлатты. "Педогог мәртебесі туралы" заң арқасында елімізде көп талқыға түсіп жүрген мәселенің шешім табылады деп ойлаймыз. Шыны керек соңғы жылдар қоғамда ұстаздар мәртебесі төмендеп кетті. Мектептің қай мәселесін алсаңда жапа шегетін ұстаздар қауымы болып отыр.
Төрткіл дүниедегі барша ұлттарда ұстаздардың мәртебесі өте жоғары. Мысалға алатын болсақ Жапония императоры Сева өзінен кейінгі ең үлкен жалақыны ұстаздарға тағайындаған. Және, бір қызығы бұл елдің метроларында ұстаздарға арналған арнайы орындар бар.
Расында әлемдегі бар құрметке лайық мамандық иелері ұстазтар. Табиғатынан мейірім мен адалдықты бойына сіңірген, ғалым да, дәрігер де тіпті ел басшыларыда тәлім- тәрбиені, өнеге мен білімді бойына ұстаздардан сіңірген.
Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында дейміз, ал сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздар. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті елдердің қатарында өзіндік орын алуы тікелей ұстаздарға байланысты. Адамзат даму тарихында жақсы мектебі мен ұстазы бар мемлекет ғана жоғарлап, мәртебесі артып отырған. Яғни ұстаз мәртебесі- ұлт мәртебесі.