Эрих Фроммның  психоаналитикалық философиясындағы адам мәселесі
жеке
блог

Эрих Фроммның психоаналитикалық философиясындағы адам мәселесі

            Эрих Фромм тұжырымдамасындағы психоаналитикалық философиядағы адам мәселесі зерттеудің жаңа кезеңін білдіреді деп атап өткен жөн. Оның ілімі қоғамның, оның экономикалық құрылымының, тарихи даму кезеңдерінің адам руханиятымен байланысы туралы мәселелер жан-жақты қарастырылғандығымен маңызды.
           Эрих Фромм болмыс, билік, мемлекет, деспотизм, мәдениет, ұлт жайында ой қозғаған. Жеке адам белгілі бір тарихи, әлеуметтік, психологиялық жағдайда оның философиясының негізі болып табылады. Тиісінше, мұндай ойлаудан адамның басты субьект ретінде түсінуіне ықпал етеді. Философ адам туралы сезім, азап шегу және ойлау болмысы ретінде біртұтас ілімді дамытты. Адам, оның мәні, әлеуметтік жағдайы - Фроммның дүниеге көзқарасының негізгі принциптері. Сонымен бірге американдық философ адамның бойында деструктивті деген терең және өте дәйекті тұжырымдамаға ие. Эрих Фромм адам бойындағы зұлымдықтың дәйекті талдаушысы ретінде әрекет етеді. Эрих Фромм адам жанының құлауын жақсы біледі. Өйткені, оның алғашқы кітабы «Бегство от свободы» (1941) тоталитаризмге арналған.
         Сонымен, кез-келген философиялық антропология «адам дегеніміз не?»- деген сұрақтан басталады. Эрих Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың басым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» дамытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ештеңеге айналатынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үміт» элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ноmо еsрегапs (үміті бар) деп сипаттайды.

Данат ЖАНАТАЕВ,  Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ ф.ғ.к.,  доценті,
Атантаева Ақтолқын,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистранты