Хаттарды адресатқа жеткізудің бұрынғы және қазіргі тәсілдері
жеке
блог

Хаттарды адресатқа жеткізудің бұрынғы және қазіргі тәсілдері

Сіз бен біз өмір сүріп отырған ғасыр – инновациялық ашылулар мен технологиялық жаңалықтардың ғасыры. Өткен ғасырда адамдар бір-бірімен байланысу үшін телефондарды пайдаланып, сөйлесу үшін бірнеше сағаттарын жоғалтатын болған. Алайда, қазіргі таңда адамзат баласының уақыты мен энергиясын, ресурстарын үнемдеу мақсатында түрлі құрылғылар мен қосымшалар қолданысқа енгізілген. Бір-бірімен хат алмасатын заман өтіп, енді санаулы секундтардың ішінде жауап алып, жауап беретін деңгейге жеттік. Осыған байланысты эпистолярлық жанрда өзгеріске ұшыраған еді.

Хаттар, тіптен, өткен ғасырдың өзінде-ақ адресатқа қалыпты дәстүрлі жолмен жеткізілетін болған. Технологияның дамымауы мен жалпы адамзаттың енді жаңашылдықтарға құлаш жаюы себеп болса керек. Хатты жазасыз және белгілі мекен-жайға жеткізу үшін біраз күтесіз. Ол бірнеше аптадан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл бірінші тәсілі. Айта кетерлігі, хатты жеткізудің тәсілдерінің өзі ыңғайлылығына қарай өзгеріске ұшырап келеді, алайда алғашқы қалпын жоғалтқан емес. Мысалы, почта арқылы хат жолдау кезінде уақытты үнемдей алмайсыз. Ақпараттың өзектілігі жойылып кетуі немесе маңыздылық деңгейі түсіп қалуы мүмкін.

Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын телеграф құралында естен шығармаған абзал. Бүгінде, оның анологі ретінде түрлі факстер мен сканерлер бар. Бір қызығы, осыдан санаулы жылдар бұрын ғана телеграф арқылы хабар алдыру кең етек жайған болатын. Арада бір ғасырдан артық уақыт өтер-өтпестен  өз маңыздылығын жойды.

Хат алмасу үшін қолайлы деп танылған тәсілдердің бірі – SMS хаттар жазу болды. Бұл тәсілді алғаш рет қолданыла бастауы мобильді құрылғылардың шығуымен  байланысты. Қысқа мәтінді түрлі мазмұндағы хатар жазылып жатты.  Қазірдің өзінде бұл тәсілді пайдаланатындар қарасы көп.

       Бүгінде эпистолярлық жанр инновациялық сипатқа ие. Олай деуге негіз болатын – түрлі форматтағы месседждер.  Әркім өз қажеттілігіне, ыңғайына бағыттап жазады. Бұрындары хаттар жазылғанда негізгі адресаттар толығымен көрсетіліп, бірнеше күн немесе ай уақытты алып барып діттеген жеріне жететін еді. Қазіргі қоғамның адамдары ақпарат ағымына ілесу үшін де осыншалық ұзақ күте алмайды. Сол себепті, күнделікті әрі қалаған уақытында, мүмкін, бернеше рет хат жазуды әдетке айналдырған. Негізінен, месседждер осы мақсатта дүниеге келген. Оның бірден екі жағын байқауға болады. Біріншіден, ғалымдардың зерттеуінше месседжді қолданущылардың басым көпшілігі жастар. Олар уақытты үнемдеу мақсатында қысқа әрі нұсқа жазып жіберіп жатады, пунктуациялық, грамматикалық қателер де ара-тұра жоқ емес. Дегенмен, бір-бірін түсініседі.Осылайша, жаппай сауатсыздық жайлап немесе лексикондарындағы сөздік қор дамымай қалуы әбден мүмкін. Екінші жағы, әрине, жағымды, ұнамды тұсы: алдыға қарай жылдам қозғалуға мүмкіндік береді.

Эпистолярлық жанр – өмірдегі қарапайым құбылыстарды бір-біріне жеткізу мақсатында өмірге келген. Кейіннен барып үлкен маңызға ие болып, әдебиеттің керемет жанрына айналды. Бүгінгі месседждер эпистолярлық жанрдың алғашқы кейіпін қайта қайтарғандай болды. Кейінгі кездері алдыңғы қатарлы университтердің өзі ғылыми жобалар мен құжаттарды, көркем әдебиеттегі кейбір еңбектерді қысқартумен айналысып жүр. Алғашқылардың бірі болып, интернет кеңістігінде танымал, У.Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасынан» үзінділер жүр. Ол түрлі символдар мен қаріптер арқылы жазылған. Тағы айта кетерлігі, Твиттер әлеуметтік желісі көпшілікке үндеу тастап, хат жазу үшін өмірге келген, бірақ онда тек месседж белгілі бір әріптер санын ғана қамтуы тиіс. Әдетте бұл 2-3 қысқа сөйлемнен аспайды. Оның негізінде қолда бар ресурстарды үнемдеу үшін ойды тиянақты әрі жүйелі түрде жеткізе білу жатыр.

Хаттар үн шығармайды, алайда тағдырлар тезінен өтіп, үнсіз ғана сөйлеп келеді. Ақ парақ беттеріндегі қара сияның өзі бірден көзге жас үйіріп немесе тарихтың сарғылтым тартқан сарғыш беттерінде қалып бара жатқан естеліктер ағымын еске салады. Алайда, телефондар арқылы жіберілетін хаттар бір сәттік болып қалып барады. Олай деуге негіз болатын , қысқа әрі үзіліп жазылған, ретсіз хабарламалар. Жадында қалмайды, жүрекке әрдайым жетпейді.

Кез келген хатты жолдау барысында хат сыртында аты-жөні мен мекен-жайы толық көрсетілген болуы шарт. Кімнен және қай уақытта жазылғаны да көрсетілуі керек. Бұл хатты жазудағы ең басты талаптардың бірі. Қазірдің өзінде почта жылдам қызмет атқарады. Адресатқа уақытылы әрі мейлінше тез жеткізу үшін тыңбай еңбек етеді. Почта қызметі арқылы тауар өнімдері мен шетелге хат немесе құттықтаулар жіберуге мүмкіндік бар. Алдын-ала уақытын есептеу арқылы дер кезінде байланысуға мүмкіндік бар.

Хаттарды адресатқа жеткізудің бірнеше тәсілі бар. Әрбір тәсіл мейлінше адам ыңғайына қарай жасалған. Заман ағымы мен тезіне қарай қарайластырылып, өзгеріске ұшырап отырған. Өзіндік ерекшеліктері мен мәніне ие болған. Адресатқа хатты бұрыңғы тәсілмен жолдау бізді күтіп тұрмайтын, алып-ұшып бара жатқан аумалы-төкпелі заманда өте қолайсыз. Күні бүгін шыққан ақпарат немесе жаңалық кеш қарая маңызынан айырылуы әбден мүмкін. Ал, хатты жаңа тәсілдермен жолдау кезінде хат алмасушылар арасындағы тылсым байланысты жоғалтып алатындаймыз. Жаңа тәсілді пайдалану кезінде түрлі қателіктерге бой алдырып жатамыз. Оның көпшілігі жоғарыда айтылған болатын. Хат эволюциясындағы инновациялық өзгерістерге менің әрдайым көңілім тола бермейді. Өткеннің шынайы хатын оқып көріп, оны сезініп бүгінгі жазылып жүрген бас-аяғы жоқ дүниелерге қарағың келмейтіндігі тағы бар. Өң-бойыңнан өткізіп, жүрегіңе жетіп, толқыныс тудырмаса хаттың мәні қашатындай көрінеді.