Тіл қолданысының когнитивтік негізі: тілдік сана

Тіл қолданысының когнитивтік негізі: тілдік сана
жеке
блог

Тіл - ұлттың сөздік қазынасы, ойды белгілі бір тілдік құрылымға “орап” жіберетін құрал. Тілсіз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ тіл тек ақпаратты беру құралы немесе когнитивті процестердің кілті ғана емес: тілдің өзі біз танып отырған шындықты қалыптастырады. Ал когнитивтік лингвистика тіл мен танымның өзара байланысын қарастырады. Яғни, когнитивтік лингвистика тілдің адамның барлық ойлау мен танымдық процестерімен, есте сақтау, жадтан мәліметтер шығару сияқты процесстерімен тығыз байланысты. Осы орайда тіл қолданысының когнитивтік негіздері туындайды. Оның бірі - тілдік сана.

Тілдік сана - көп таралған, лингвистер, психологтар, мәдениеттанушылар тіпті этнографтар да қолданатын ұғым. Тілдік сана - бұл адамның сөйлеу әрекетінің механизмдерін «басқаратын» когнитивті сананың құрамдас бөлігі. Ол сөйлеу арқылы жұмыс істеу сияқты қызмет түрін қамтамасыз ететін когнитивті сана типтерінің бірі. Тілдік сана адамда тілді меңгеру барысында қалыптасып, өмір бойы жетілдіріледі. Себебі ол тілдің ережелері мен нормалары, жаңа сөздер, мағыналар туралы білімдерін толықтырып, әртүрлі салалардағы қарым-қатынас дағдыларын жетілдіріп, жаңа тілдерді үйренеді. Мысалы, мен үшін бұл ең алдымен қазақ тілінде қандай бірліктер мен ережелер бар екендігі және қазақ тілінде қалай сөйлесу керектігі туралы ақпарат жиынтығы. Егер адам шетел тілдерін білсе, онда бұл тілдер туралы ақпарат оның тілдік санасына да жатады.

Сонымен қатар, тілдік сана дегеніміз – танымның құрамдас бөлігі. Ол сөйлеу әрекеті сияқты қызмет түрін қамтамасыз ететін танымдық сананың бір түрі. Ол – адамның тілді игеру кезінде қалыптасып, одан әрі өмір бойы жетіліп отырады.  Себебі, адам жаңа сөздер, шет тілдерін үйренеді, сондай-ақ, әртүрлі саладағы коммуникация дағдыларын жетілдіріп отырады. Мысалы, қазақ үшін тілдік сана, ең алдымен,  қазақ тілінде қандай бірліктер мен ережелер бар және қазақ тілінде қалай сөйлеу керектігі туралы ақпарат жиынтығы. Егер ол ана тілінен басқа шет тілдерін игерген болса, онда сол тілдер туралы ақпарат оның тілдік санасына да кіреді.       

Ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты, ой тіл арқылы ғана өзінің адекватты (немесе соған жақын) көрінісін бере алады. Сөйлеуші тіл арқылы басқа адамдарға өз ойын және сезімін жеткізеді; оларды белгілі бір істер жасауға итермелейді; оларды бір нәрсеге сендіреді; бұйырады; кеңес береді; оларды қандай да бір әрекетті жасаудан айнытады және т.б. Сана мен тіл бірыңғай тұтастықты құрайды: олар ішкі, логикалық түрде қалыптасқан идеалды мазмұн мен оның сыртқы материалдық формасын қамтамасыз етеді. Тіл - сананың тікелей әрекеті. Тілдің көмегімен сана адамның қабылдауы мен идеясынан қалыптасатын ұғымдар жеткізіледі. Сана - бұл болмыстың көрінісі, ал тіл оны ойда белгілеп бейнеледі.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің профессоры Данат Жанатайұлы Жанатаев

Филология және әлем тілдері факультетінің «Аударма ісі» мамандығының 1-курс магистранттары Карабаева Баян, Көшербай Асылай, Мұхтарқызы Айгерім, Тастанбекова Айкүміс