жеке
блог

Ауылдан келген алма

Кеше түске жақын есік қоңырауы басылды، ашсам көрші үйдегі тәте екен (алғаш көріп тұрмын ), қолында ұстаған пәкеті бар.
- мынау ауылдан келген алма еді، көршілерге таратып жүрім، ауыз тиіңдер!- деді.
Жетпіс жеті жұмадада жеті нанды көрмеитін алматының ғимаратынан тәтемнің алма таратып жүргенін көріп، қазақы қалжың қанымда ойнап шыға келмесі барма،
- тәте، ауылдан келген сіңілдеріңіз жоқпа. . . . . . .?-деппін.
- еее барғой، болған. . . . . андағы пәкеттегі алманы көріп тұрсың ба؟
- ия
- сол секілді ауылдан уылжып келеді да، қалаға келгенсөң өзегіне құрыт түсіп، бұзылып кетеді.- деген тәтем алғысыма басын изеді де، үйіне кіріп кетті. пәкетті көтеріп үстелге қойдым да، ауылдан болсаң тазасың ғой деп، алманың алғашқы ойығын салдым. . . . . . . .

11- пәтер дегені есімде бар، есіктен шығып، есігін қақтым. ашып тұрған бағанағы тәтенің өзі еді.
- тәте، алманың әдірісін бересіз ба?! ауылға барып алмабақтан жейін деп едім.
- жеп жетістірерсің! ана алманы да бір тістеп келген шығарсың، негізі сол құрыт сендерсіңдер ғой.- деген тәтеме не айтарымды білмеи үйге қайтып кірдім де، манағы алманы таусып жеп қойдым.

Ең қызықты блогтар

БАҚ-тағы табиғи апаттарды сипаттаудағы метафораның орны
XXI ғасырдың Абайы
Рене Декарттың туа біткен идеялары мен философиялық ойлары
Суицидтің алдын-алу
Ұлттық таным көрінісі: Ақұштап Бақтыгереева лирикасы бойынша
Ж.Баласағұни пәслапасы. «Құтты білік» - құт қону концепті

Жұлдызды блогтар