Қазақтың өкпесі

Қазақтың өкпесі
жеке
блог

*Қазақтың өкпесі*

 

Тар жол тайғақ кешуде талай арыстарымыз ар алдында,адам алдында өз борышын адал атқарып кеткен болатын.Заманының зардабын өткеріп,қилыда сұмдығына төзе білді емеспе.Елдің ертеңін ойлап естінің жолын көрсетіп,ессіздің есі кіргенше қолынан келгенін аянып қалмаған еді. Ендігі осы заманда қазақ кімге өкпелейді? жегені алдында,жемегені артында,не жеймін, не киемін демейді, еркіндікті алған сәтен бастап еліміздің тұрмыс жағдайы айтарлықтай жақсы демесекте, айтып ауыз толтырып бітірген істеріміз де бар.Дегенмен еркіндікті алған егемен ел болсақта, Қоғамның былық шылығы әлі таусылған емес.Кейде Алаш арыстары айтқандай меніңде үндеу тастағым,пікірімді білдіріп өкпемді айтқым келеді.Алаш орда дәуіріндегі қамсыз қазақ,әліде қамсыз қалпында келе жатқаны өтірік емес екенін ұғыну қажет секілді.Ахмет атамыздың Қазақ өкпесі» деген мақаласында: _«Ата жолдасы — надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айрылатын емес. Надандықтың кесапаты əр жерде-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай-ақ келеміз. Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз бəрі де надандықтың кесапаты"_-осы сөздерінің әлі күнге жаны бар,күшін жоймағандығын ашып айтып кете аламын.Сол бір кезеңдердегі жер туралы өкпесі, бугін де сол жер туралы өкпесі.Кең байтақ ұлан ғайыр жердің иесі біз - біз дегенмен, сол жерді айтарлықтай аса пайдаланып жатқан жоқ екеніміз дәлел.Қамсыз жатып елден естіген сыбыстардың кесірінен көңіліңе ел туралы ойлар сол кезде ғана кіре бастады.Ахмет атам айтқандай, Басқа келген нәубеттің қайдан келгенін, кімнен болғанын біле алмай, әркімнен көріп өкпелейсің Пайдаланып отырған жерің өзге елге жалға берілді, берілген мерзім арасында олар иелік етіп кетпейма деп ат ойлап асыр салып үкіметке өкпелейсің. Қазақ жерін, яғыни өзің иелік етіп ,бір тіршілік етіп іске жаратпасаң,сол жерде өзің калаған егіндік егіп немесе жайлымға пайданабасаң онда неге шыр-пыр боласың. Алып-кашпа ел ішіне іріткі салып арандатушылық іске барып сондай сыбыс таратып дүрліктіру досыңның да дұшпаныңныңда тілегі осы болып тұрған шығар.Қарекет қылда камын жасайтын кезің келді ғой енді.Қой төлдетіп ,қозы айдап жүрген анау қыстауыңды сарттың бірі сатып алып иелік етті дейсің, сол сарттан қай жерің артық, оның алса сол жердің иелерімен келісіп жалға алыпты дейсің тағы да.Ағайын алыс жақын тусың бар , солардың басын біріктіріп сол жердің жалға алу құнын төлеп,аз малыңды өсіріп, алдыңғы кунің үшін тіршілік қылуыңа болатын беді.Алма піс аузыма түс деп жатқанның күйін кешесің.Ауылдық аудандық, жерлердегі шағын кафе, тойханалардың иелері түріктер екен,олар табыс көзін қайдан табу керек екенін біледі, ал кей біреулері жеміс-жейдекті өсіру арқылы сатып өз сауда саттығын бір қалыпты ырғағына түсіріп алды дейсің.Ал сенші қарабайыр қазағым әлі арба жугіңді түйеп ауыл ,жайлауды аралап жүре бермек ойың барма.Оларға үкімет қолдау көрсетеді деп кінжілесің,сен барып мән жағдайын, бағыт бағдарын жетіп біліп алсаң,сол үкімет сенің кеудеңнен итереме? Қайта қарпайым казағым байыса осы байысыншы деп бір камын қылмасына кім ғайбыл.Орыстардың жұмысы тыңғылықты,жәрдемдесе калсаң, немесе сол бір сарының баласына күнің түссе.Осылар жұмысын тиянақты түрде атқарып демалатын кезінде демалып,қыдырар кезінде қыдырып өмірдің барлық қызығын көреді деп күлесің.Сасық болсада сарының баласы,істеген ісінен адалдық пен ыждағаттылықты байқайсың.Нендей дүниені тапсырсаңда, айла қулыққа салмай,тапсырған дүниеңді мүлтіксіз орындайды емеспе.Көргеніңдей казағым өкпелеудің жөн жоқ, бар болған күнің өзінде біз өзімізге өкпелеуміз керек деп ойлаймын.Қарекет қылда камын жейтін уақыт келіп және өтіп бара жатыр.

Еңбек ет те, егін ек,

Жарымасаң маған кел.

Белді бу да бейнет қыл,

Байымасаң маған кел.- қазақ халқының мол ризықты мақалы бар сол мақалға иек артып өсіп өнуді қолға алғанымыз жөн болар.Басында айтып кеткендей Ахмет атамыздың сөзі соңғы түйін болады ау деп ойлаймын.Ол кісі былай деген: _Өткендердің көзіне қырау түскеніне өкінбей, өз көзіңе түскен қырауды аршып қара. Асқа өкпелеген балалардай құр бұлтиғаннан ештеңе өнбейді. Іс оңғы басарлық қылығың жоқ. Амалыңды түзет, түземесең ешкімге кінә қойма. Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті жаманның Аллаға өкпелеуі жөн бе? Талап жоқ, үміт мол халықпыз. Үмітіміздің көбі қошқар, қасқырдың үміті сықылды! Өзім жатсам екен, керегім өзі кеп тиер болса екен дейміз. Оны Алла да, адам да қабыл көрер ме?! Еңбексіз егін шықпайды, терселең терің тегін қалмайды. Телміріп алған теңгеден, тер сіңдіріп алған тиын жұғымды. «қараған қарап қалар» деген қазақта жақсы мақал бар, бірақ ол мақалды ескеретұғын қазақ жоқ. Қарап жатқанда табылатын болса, ғылым, өнер баршасы қазақта болар еді.олардың бірі де көрінбейді._- деліген өзігеге өкпе артудан аулақпыз,жанды жаралап алудан қашықпыз.Ұлтымды жек көрем деймін кейде өзгермедің деп, елің үшін ерең еңбек етіп, бейнет қылмадың .Жек көріп тұрып жақсы көрем кейде, өкініш өзегіңді тепседе өзгеріп калар бір күні деп.Алаш арыстары армандағандай ,армандарына лайық ұрпақтары болайық.Қазақ кімге керек - тек кана өзімізге керек.Өзіңе өзің жаның ашымаса өзгенің бүйрегі бүлік етпес,соны әсте естен шығармайық ағайын.

 

 

*Балтабаев Рустем*