«Берік отбасы-есірткіден алыс»

«Берік отбасы-есірткіден алыс»
жеке
блог

«Қызылорда ОІІД  ЕҚҚІҚБ тарапынан

 жарияланған сайысына»

 

                     «Берік отбасы-есірткіден алыс»                                                                             

     Өмірде адамға берілген үлкен сый, ол – отбасы. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Кез келген баланың болашағының жарқын болуы отбасына байланысты. Отбасында ата-ана мен баланың арасында өзара түсініспеушілік, немқұрайлылық, ата-аналар тарапынан бақылаудың төмендігі - жасөспірімнің зиянды заттарға, есірткіге бой ұруының себептері болып табылады. Адамдар неліктен есірткіні қолданады?! Алдымен ол адамның білімсіздігі. Яғни, есірткінің қаншалықты қауіпті екенін білмеу және бұл мәселеге жеңіл-желпі қарау. Ал бұл дегенің - отбасында балаларға бұл туралы ақпараттың дұрыс берілмеуі деген сөз. Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жеткізеді. Есірткінің негізгі түрлеріне: апиын, кокаин, көкнәр, гашиш, марихуана жатады. Мұның барлығы адам ағзасына өте зиянды, алғашында дәмін көруге үйретеді де, кейін өзіне тәуелді етіп қояды, табылмаған жағдайда ұрлыққа, адам өлтіруге дейін барады. Сондықтан бала тәрбиесіне біріншіден,  ата – ана жауапты. Әр отбасы сыйластық пен бірлікте, өзара түсінікте күн кешсе екен. Сонда ғана өмірде адамдар жаман жолға түспес еді, олардың да босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.  Ата – асқар тау, ана – бауырдағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ – деп ата–ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалының өзі отбасы беріктігінің белгісін көрсетеді.

      Қазіргі таңда еліміздегі жастардың көп бөлігі дұрыс иманды жолға түсіп жатыр. Оны біліп те, көріп те жүрмін. Бұл көз қуантарлық жағдай. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің де атқарып жатқан еңбектері орасан зор. Олар болашақ жастардың зиян әдеттерден аулақ болуы үшін, өз еліміздің азаматтарының болашағы үшін күні-түні дамылсыз өз жұмыстарын атқаруда. Бұл жөнінде айтып өткеніміз жөн болар.
Болашақта әлем осы ғасыр дертінен ажырап еліміз гүлденіп, жастардың дендері сау болып, үлкен Қазақстан мемлекетін көркейтетініне сенемін!

Қызылорда облысы

Жалағаш ауданы

Мирмановтар отбасы

#УПНДПКЗО