Менің университетім – менің мақтанышым
жеке
блог

Менің университетім – менің мақтанышым

«Білімді бол, білімді талап етуші бол, білімді тыңдаушы бол, еш болмаса білім жолындағыларды сүй.»

Шығыстану факультеті шығыс тілдерін білетін жоғары білікті мамандар даярлайтын Қазақстандағы ең ірі орталық болып табылады. Университет қабырғасында шығыс тілдерін оқу ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады. Бүгінгі шығыстану факультеті-жоғары білікті педагогикалық кадрлар жұмыс істейтін, қызықты және шығармашылық оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыратын, ғылыми зерттеулер жүргізетін қазақстандық шығыстану орталығы болып табылады.

       Университетті таңдауда да үлкен қиындықтар болған жоқ. Мен дипломды кез-келген университетте, ал білім мен тәжірибені бір университетте алуға болатындығын басшылыққа алдым.Мектепті бітіруге жарты жыл қалғанда мен ҚазҰУ-дың интернеттегі парақшасына кірдім, басқа факультеттер мен мамандықтарды қарадым. Барлық мамандықтарды қарап шығып, "Шығыстану"мамандығына тоқталдым. Бұл мамандық мені қызықтырды қызметінің үлкен саласы болашақта, иә, үйрену екі тілді: батыс және шығыс, естіледі перспективалы. Мен шетел филологиясы қытай тілі мамандығын таңдададым.Оқу-тәрбие үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмысы үздік саналатын,жоғары деңгейде білім көрсете білетін кәсіби мамандарды даярлауға бағытталған. Қазақстан шығыстануының басты орталығы. Егер де қытайтанушы кім деген сұрақ туындаса,онда біздің қытайтану мамандығы бойынша білім алып жатқан әр студент былай жауап берер еді:«Қытайтанушы- бұл маман. Кем дегенде шығыстың бір тілін, бірнеше батыс тілдерін, ауызша және жазбаша аударманың дағдыларын игерген. Оқитын аймақтың дінін, құқығын, әдебиетін, дәстүрлі мәдениетін толық және жан-жақты меңгерген бәсекеге қабілетті маман иесі» –  деп. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, қытайтану кафедрасы Қытайдағы шетелдік әріптестерімен кең көлемде байланыс жасайды. Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының елшілігімен, Алматы қаласындағы ҚХР бас консулымен және  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанынан құрылған Конфуций институтымен, ҚР-дағы ҚХР-ның банкімен өте тығыз байланыста. Кафедраның барлық оқытушылары Қытайдың Пекин, Лянчжоу, Хайнань, Тяньцзин, Аньхоу және тағы басқа ірі қалаларында тілдік тәжірибеден және академиялық дайындықтардан өткен. 

      Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген, жастық шақтың мәңгілік мекені, білімге сусындаған бақыт­ты  кезеңіміздің  самал лебі есіп тұрған университетім ғой бұл менің.    Біздің университетіміз «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген М.Әуезов атамыздың өсиетін жерге тастамай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін!», – деген Мағжан ағамыздың сөзін желге ұшырмай сенімін ақтап жүрген оқу орны екеніне кәміл сенемін.Шаттығыма шаң жұқтырмай, көкірегімді оятып жүрген ШҚМУ оқытушыларына дән ризамын. Осы университетте алған білімім кейінгі болашақтағы орнымды сүт бетіндегі қаймақтай іріктеп, шыңырау көкке тартатыны айтпаса ұғынықты. Тас шайнап құм түкірер, тепсе темір үзер жастар да осы оқу ордасынан… «өзегі өрт өлеңге толы ақын» жандар да сезім тамшыларын білім бәйтерегінің жапырағынан тамызуда. 

 

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының
оқытушысы Шәрипқазы Нұртәліп
3 курс студенті Жұмабекова Райхан