Біз кімбіз?

Біз кімбіз?
жеке
блог

Біз шынында кім біз?Көп ойландым...Дін тұрғысынан,биологиялық,психологиялық тұрғыдан барлық жағынан ойлауға тырыстым.Бір түсінгенім ең әлсіз жаратылыс екенімді ұқтым.
Шынында адамның өзгеден ерекшелейтін есімі,киімі,нәсілі,байлығы емес екен,тіпті денсаулығыда емес.Сонда не бұл?Адамды адам еткен еңбек десек,еңбектің өзі тұлғаның айырмашылығын білдірмейді екен.
Себебі сен жұмыс істеп жүрген жұмысты 7млрд халықтың кемі 500мың адам жасап жүруі мүмкін.Әркім өзіне ұқсамайтын тағдыры бар десек олда қате.Бір біріне ұқсас тағдырлар өте көп.
Сосын менің ойыма мына нәрсе келді.Адам тек сонда өзіне ғана бастық екен ғой деген ой болды.Бірақ шынында олай емес.Мысалы әп сәтте қан қысымы көтеріліп,жүріп жүрген адам мүгедек болып қалуы әбден мүмкін.Сенің құзырыңда болған аяқ қолыңда саған бағынбайды.Тіпті ыстық не суық ұстаған сәтте саусағыңды қалай тартып алғаныңды білмей қалады екенсің.
Отбасы,қызмет десеңіз бізсізде ол жалғастыны айдан анық.Өмір тоқтап қалмайды.Оған дәлел қазір жер астындағы қаншама мәйіттер...
Денсаулық десең күніне сан мың адам ағзасын ауыстырып жатыр.
Сонда бұл не құдірет?Адамды өзгелерден ерекшелейтін не?Алып денені басқаратын,түнде ұйықтатып,азанда оятатын Ми ма?Бірақ оныда ауыстырып жатыр емес пе?
Менің ойымша адамға тәуелді ОЙ ғана екен. Шексіз,өлшеусіз,ерекше...

Сіздіңше не?

ҚазҰУ студенті-Мәліков Наурыз