Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Эссе "Бар бақытты бағаламай, мұңаямыз неге осы..."

Эссе "Бар бақытты бағаламай, мұңаямыз неге осы..."

Эссе

Бар бақытты бағаламай, мұңаямыз неге осы...Иә, қолымыздағы  барымызды бағаламайтын кезге де жеттік. Аспанымыз ашық, деніміз сау, қарнымыз тоқ, қалтамыз ақшаға толы бола тұра, неге өмірден  түңіліп, барға  қанағат етпейміз? 

Әлемде 7 миллиард адам өмір сүрсе, олардың бәрі де өздігімен бақытты. Әрине, өмірдің ащы жақтары да болады, оған төзіп, төтеп берудің өзі де үлкен бақыт емес пе? Өмірде қандай ғана қиын кездер болмайды десеңші... Мысалы, сенің көзің көрмейді делік, бірақ осы әлемді көрмегендіктен сен бақытсыз болып қалмайсың. Бұл тағдырдың бір сынағы шығар. Бәлкім, көзіңнің көрмегеніңнің жақсы жақтары бар. Себебі қазіргі әлемде болып жатқан жан түршіктірер оқиғаларға қарап, осының бәрін көрмегенім қандай жақсы деп ойланып қаларедің. 

Өмір- бақытқа толы. Тіпті, өмір сүрудің өзі қандай ғана бақыт. Өз- өздеріне қол жұмсап, болмашы нәрсе үшін қайғыратын адамдарды өз басым түсінбеймін. Өмір- үлкен сый. Сондықтан  да,өз өміріңнің әр күнін, әр минуты мен әр секундтын бағалауын керек. Осы заманда ата-анасымен сөзге келісіп қалғаны үшін, жас қыздардың жігіт үшін өмірлерін қиятын жандар көптеп кездеседі. Сенің осы өмірге келіп, әлемді көргенің керемет емес пе? Ал, сен осы қамшының сабындай қысқа ғұмырыңды, уақыт келмей тұрып, бір сәтте қия салуын ойға қонымсыз. Мүмкін, осы қиындықтардан кейін, сені алда қуаныш пен шатыққа толы өмір күтіп отыр. Сондықтан да, тағдырдың тәлкегіне ұшырағаннан, өзіңді бақытсыз адам деп санаудын қажеті жоқ деп ойлаймын. 

Мен өзімді жүз пайызға бақытты деп санаймын. Менде бәрі бар. Мені қолдап-қолпаштап отыратын ата-анам, басымда тұратын үйім, ішіп- жейтін тамағым, киетін киімім бар. Қазіргі кезде жоғары оқу орнында өз қалаған мамандығым бойынша тегін білім алып жүрмін. Әр адам баласының мен сияқты осындай университетте оқып жүруге мүмкіндіг іжоқ. Ал маған осындай мүмкіндік бұйырғанның өзі бақыт емес пе? Кейдеаурухана немесе дәріхананың алдынан өткенде, өзімнің қаншалықты бақытты адам екеніме көзім жетеді. Ол ауруханаға күнде келіп ем іздейтін, дәріханаға келіп дәрі-дәрмек алатын адамдарға қарағанда менің денсаулығым мықты, он екі мүшем сау үшін өмірге деген алғысым шексіз. 

Мен үшін бақыт кішкентай ғана ұсақ-түйектерден тұрады. Таңертең анамның мені: “Қызым, тұра ғойдеп  бетімнен сүйіп, еркелете оятатыны, әкемнің: “Мен сенімен мақтан тұтамындеген сөздердің өзі маған қаншалықты бақыт сыйлайтының білсеңдер ғой... Достарымның менің жанымда болып, қолдау көрсететіні, көптен күткен адаммен көрісу, ауа- райының керемет болуы, гүлдердің бүршік атуы, осының бәрі де мен үшін қуаныш. 

Әр адам өзінің жас ерекшелігіне қарай, бақытты әр түрлі қабылдайды, түсінеді. Дүние есігін жаңа ашқан сәби үшін анасының құшағында болу, мектепкебарған оқушы үшін үздік  баға алу, мектеп түлегі үшін ҰБТ-ны жақсы тапсырып, грантқа оқуға түсу, студент үшін диплом алу, жас жұбайларүшін отбасы болып, отау құру, ана үшін жаңа туған  бүлдіршіннің айқайын естіп, ана атану, ата- әжелер үшін қартайған шағын қарттарүйінде емес, балалары мен немере- шөберелерінің ортасында өткізу үлкен бір бақыт. Міне, осының бәрі бақыт болмай немене? Өкініштісі, әр адам осының мәнін түсіне бермейді. 

Сөз соныңда айтарым, өзіңдібақытсыз адамдеп санағаннан гөрі, айналана басқаша көзбен қарап көруге тырыс. Сонда, бәлкім, сен өзіңнің қаншалықты бақытты жан екеніңді көресің.

1
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 25 қараша, 22:03
Тегтер: бақыт,өмір

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.