Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Жақсы кітап-ақылды адамның әңгімесімен бірдей

Жақсы кітап-ақылды адамның әңгімесімен бірдей

Жақсы кітап-ақылды адамның әңгімесімен бірдей

Жалпы кітаптың құдіреттілігін қаншалықты түсінеміз ? 

Әрине, кітап оқудың өзі үлкен бір шеберліктен туады. Оны құр босқа оқып қоймай, түсіне отырып, өзіңе үлгі боларлық дүниені жадыңа түйсең, нұр үстіне нұр. 

Енді өзіме келер болсам, кітапты көп оқимын деп айтпаяқ қояйын. Бірақ қазіргі таңда болашағыма нағыз керек нәрсе болған соң енді қолға алып жатырмын. Қазақ әдебиетінде өлшеусіз үлесі бар Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман эпопеясының 2 томын оқу үстіндемін.Тілі қиынға соққанымен, мағынасы өте терең, оқырманға әсер етпей қоймайды. Ежелгі қазақ бейнесі осы кітаптан айқын көрінеді. 

Ал осы кітапқа дейін бірнеше туындыларды оқыдым. "Ұшқан ұя"(Б.Момышұлы), "Қарғын"(Д.Исабеков), "Қызыл алма"(Ш.Айтматов), "Махаббат, қызық мол жылдар"(Ә.Нұршайықов), "Қамарсұлу" романы(С.Торайғыров). Бәрі дерлік бір-бір керемет шығарма. 

Кітап-рухани азық Оны оқыған сайын ойға ой қосып, тамаша сезімге бөленіп, жан сарайыңды ашасың. Әйгілі Шекспирдің өзі "Кітап мен үшін тақтан да қымбат" деген сөзі өз маңызын әлі күнге жоймақ емес... 

Ал сіз кітап оқисыз ба? Маған қандай кітап оқуға кеңес берер едіңіздер? (Жауап күтемін...)

5
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 23 наурыз, 13:48
Тегтер: Кітап-рухани азық

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.